• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БАЛАБАҚШАҒА МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ТАПСЫРЫС БЕРДІ

02.02.2022
0
ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БАЛАБАҚШАҒА МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯ ТАПСЫРЫС БЕРДІ
1
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру комиссиясы шешімімен жұмыс істемейтін, жұмысын бастамаған жеке меншік ұйымдарға балалардың орнын бөліп берген. 

Комиссияның әділетсіз шешіміне наразы болған жеке балабақша келеңсіз жәйттар туралы айтып берді.

  • Мен касипкермин жеке балабакша ашканмын, жакында конкурс болган , дотацияга, балдарга окиметтен болинетин акшага. Коррупция болып меним балабакшама акша болинбей калды, тагы да 20 дай Садикке акша болинбеди. Ким акша берсе соларга болип берген, улкен 200-300 адамы бар садиктерге. Осы маселе бойынша комектесе аласызба?

НЕ БОЛДЫ?

Тараз қаласы білім бөлімі Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібі ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларында (бұдан әрі — Қағидалар) айқындалып, конкурс ағымдағы жылдың 13 қазаны мен 25 қарашасы аралығында 1200 орынға өткізілді. Конкурсқа 50 ұйым қатысып, 23 ұйым арасында 1200 орын бөлініп берілді. 

Тараз қаласы білім бөлімі басшысы Саясат Есеевке төмендегідей сауалдар жолданды:

  • конкурсқа қатысушылардың құжаттарын растығын кімдер тексереді?
  • неліктен əрбір ата ана өздері балабақшаны таңдап қаражат баланың артынан жүрмейді?
  • конкурс ашықтығы мен жариялығы ұйымдастырылмаған оған не себеп?
  • конкурсқа тапсырғандардың ішінен мүдделер қақтығыс болуы мүмкін, конкурстық комиссия ондай əрекеттерді əшкерелеп хаттамаға енгізу тиіс пе?
  • Конкурстарға тəуелсіз бақылаушылар қатысу тиіс пе?
  • 25.11.2021 жылы комиссия шешімінің өтпей қалған мекемелердіңкемшіліктері мен дəйекті жауаптары неге ілінбеген?
  • Конкурстық комиссия шешімінен кейін жеңімпаз атанған мекемежұмыс істеуі міндетті ме? Əлде орынды ұстап отыра бере ме?
  • Мүлдем əлі жұмысын бастамаған мекемелерге орын қалайшаберілді?

Тараз қаласы білім бөлімнің жауабы:


ТАПСЫРЫЛҒАН ҚҰЖАТТАРДЫҢ ДӘЛЕЛСІЗДІГІ

taraz-kalasy.bilimbolimi.kz сайтынан конкурстың комиссияның №1 және №2 шешімдерімен танысып орын бөлінген ұйымдарды сыртқы визуалды түрде аралап шықтық. Шыны керек, ішінде үлкен жақсы жұмыс істейтін балабақшаларды көзіміз шалды. Бірақ жұмысын әлі бастамаған, сыртқы жарнамасы жоқ ұйымдарға қалай тапсырыс қалай рұқсат берілді деген ой туындады.

Ойды қағаз бетіне түсіріп, сұрау хат ретінде Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Б.Шиналиевке жолдадық. Сауалымыз:

  • «Каусария»  ЖШС (ПК «Родник», Рыночная көшесі,7) қорытындысы беріліпті, бірақ сыртқы жарнамалық көріністерді жоқ. Жеке тұрғын үйден Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру ұйым болуына не себеп?

 

Тараз қаласының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының жауабы: 

ҚҰЖАТТАРДЫ КІМ ТЕКСЕРУ КЕРЕК? МИНИСТРЛІК НЕ ДЕЙДІ? 

Министрлік жауабында конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар Қағидаларда көрсетілген құжаттарды комиссияға ұсынады. Комиссия өз отырысында өтініштерді және құжаттарды бес жұмыс күні ішінде қарайды және құжаттардың растығын тексеру комиссия мүшелерінің құзыретіне жатады. 

Ресімделген хаттамаға төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды және комиссия отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі. 

Қазіргі уақытта жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға мемлекеттік білім беру тапсырысы комиссияның шешімі негізінде орналастырылады. 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруда дербестендірілген (ваучерлік) қаржыландыру бойынша қазіргі уақытта пилоттық жоба жүргізілуде. 

Пилоттық жобаның нәтижелерінен кейін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін баланың ата-анасы мектепке дейінгі ұйымды таңдаған соң екі жақты келісімшарт жасалып, балаға мемлекеттік тапсырысын орналастыру мәселесі қарастырылатын болады.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру нормативтік талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

КӘСІПКЕРЛЕР НЕ ҮШІН НАРАЗЫ?

Жеңіліс тапқан кәсіпкерлерге хабарласып пікірін білдік.

Қаланың шетінде орналасқан жеке меншік үйімнен кішкентай ғана балабақша аштым. Осы уақытқа дейін мемлекеттік тапсырыс алып көрмеппің. Бірақ балабақша жұмыс істеп тұр дейді есімін атамауын сұраған балабақша иесі. Осы жылы өткізілген конкурсқа наразылығым үлкен. Өйткені жұмыс істемейтін балабақшаларға тапсырыс берді. Неге? Жұмыс жасамайтын балабақша жәй құжаттар көшірмелерін әркімнен сұрап тапсыра салған. Ол садик қандай құжат тапсыратынында білмейді, өйткені жұмыс жасамаса қайдан білсін. Яғни оған білім бөлімі өзі көмектескен деп ойлаймын. Қазіргі таңда прокуратураға шағымдандым. Жауабын күтіп отырмын. 

 

Тағы да қаланың шет аумағында орналасқан балабақша басшысы Құралай Есжанова (аты жөні өзгертілді) айтуы бойынша барлық әкімдерге хат жаздым, білім бөлімінің басшысы Саясат Есеев балабақшаны келіп көріп кетті. Енді неге мемлекетік тапсырыстан қолжеткізе алмай жүрміз? Мысалы колледжбен университеттерді қарасақ балалардың артынан қаражаттары жүреді. Біз балалармен жұмыс істесекте мемлекеттік орган бізді ысырып отыра бере ме?! Бұл қалай? Неге конкурстар ашық және жария түрде өтпейді? Кім қандай құжаттар салғандарын көре алмаймыз? Тапсырыстар барлық мүдделердің құқықтарын бірдей қорғау қажет деп есептеймін. Менің ұсынысым конкурс өткізетін болса госзакуп негізінде бәрі конверттер ашылғаннан кейін бәрі бірдей құжаттарын көру керек. Оның ішінде мүдделер қақтығысы болу да мүмкін ғой. Сол үшін де Ата ана қай балабақшаға берсе мемлекет міндеттелген қаржысын сол ұйымға беру керек деп есептеймін деді. 

Қорыта келе, Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша шикілік өте көп. Балаларымызды жұмыс істеп көрмегендерге қалай тапсырыс береді деген ой келеді. Мүмкін министрлік тездетіп Құралай Есжанованың ұсынысын қабылдап кәсіпкерлерді сандалтуды доғарар.

TURANINFO.KZ

Фото журналистік зерттеу кезінде түсірілді.

  • Бір балабақшаның деректемелері өшірілді. Өшірілу себебі, балабақшаның көшесінің атауы ғана өзгермей, мекеменің реттілігіндегі саны өзгеріске ұшыраған. Сол үшін де әдеп нормаларына сәйкес, және де ол балабақшаның атауы бұл мақалада болмау керектігі туралы шешім қабылданды.  Келеңсіз жәйт агенттіктің кінәсің еместігі туралы ескертеміз. 

Тегтер: жеке меншікмонсадик
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

Жеңіс күні: Президент Путиннің шақыруымен Ресейге барды

08.05.2025
Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

Жамбыл облысында инвестиция көлемі 37,1 пайызға өсті

08.05.2025
Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

Таразда дәрігерлік амбулатория ашылды

08.05.2025
Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

Жеңіс күні: Ардагерлерге 545 млн теңге төленді

08.05.2025
Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

Таразда әскери қызметшілер майдангерлер үшін Жеңіс парадын ұйымдастырды

08.05.2025
Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Тоқаев «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

08.05.2025
Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

Қазақстанда қосымша пойыздар қосылады

08.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты