Аталған жоба мемлекеттік органның қызметінде бюрократиядан арылту, экспресс-жүктерге кедендік декларацияны ұсынуды автоматтандыру, құжат айналымын жетілдіру және қысқарту, сондай-ақ бизнес-процесстерді оңтайландыру мақсатында жүргізіледі.
Қысқа уақыт ішінде жеке жүкқұжаттармен алушыға жеткізу мақсатында жедел тасымалдау шеңберінде тасымалданатын тауар экспресс-жүк ретінде саналады.
Пилоттық жоба шеңберінде «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін жолаушылар кедендік декларациясын және экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны кеден өкілдері толтырады. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды адамдары оларды қабылдауды және өңдеуді жүзеге асырады.
Кеден өкілдерінің экспресс-жүктер үшін арналған кедендік декларацияға міндетті түрде қоса беретін құжаттарды қағаз түрінде бұрынғыдай ұсына алады.
Пилоттық жобаның қатысушылары «Кеден» ақпараттық жүйесінде экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларация бойынша шығару және кедендік төлемдер мен салықтардың сомаларын есептен шығару үшін 106119 бюджеттік сыныптама коды қолданылуы тиіс.
«Кеден» жүйесінде жұмыс істеу үшін Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлық қолтаңбасы болуы шарт. Ақпараттық жүйе https://keden.kgd.gov.kz/ сілтемесі бойынша қол жетімді.