Қордай ауданының прокуратурасы «Қарақоныз» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметіне талдау жүргізді. Талдай барсыныда бірқатар заңсыздықтарды анықтады. Бұл туралы Қордай аудандық прокуратурасы хабарлайды.
Жүргізілген талдау нәтижесінде 2022 жылы мекемеде шаруа қожалықтарына бұйрықтар берудің заңсыз тәжірибесі қалыптасқаны анықталды.
Мекеме бақылаушы орган болып табылмайды, сол себепті кәсіпкерлік субъектілерінен тексеріп, талап ете алмайды.
Осыған байланысты қадағалау актісі негізінде келеңсіз әрекеттерге тосқауыл қойылды. Бұған дейін шығарылған 25 ұйғарым дер кезінде кері қайтарылып, кәсіпкерлерге құқықтары түсіндірілген.
Мекеме басшысы ӘҚБтК-нің 175-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.