Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында осы ауданның Шоқпар ауылына қарасты «Бел» станциясы маңында құрып кету қаупі бар сирек кездесетін жануарларды атқан азаматтарды ұстады.
49, 50 және 61 жастағы жергілікті үш тұрғын «Қызыл кітапқа» енгізілген, аулауға тыйым салынған қарақұйрықтарды атыс қаруымен атқан. Олардың «Mitsubishi Pajero» маркалы автокөлігін тінту кезінде үш бірлік аңшы қаруы, 70 дана оқ және көліктің жүксалғышынан бес қарақұйрықтың денесі мен жарық шамы табылды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот сараптамалары тағайындалды.