«Жамбыл медициналық» колледжінде Тараз қаласы әкімдігі «Ішкі саясат бөлімінің» әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы бойынша «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Адам саудасына байланысты қылмыстың алдын – алу мен оған қарсы күреске бағытталған іс – шараларды ұйымдастыру» жобасына сәйкес «Қыз тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында кездесу өтті.
Шараға жастар мен Жамбыл медициналық колледінің қызметкерлері қатысты. Жиында қыздарға жастардың қарым-қатынасы, ондағы жастардың алатын орны, жастардың арасында қыздың тағдыры туралы түсініктер берілді. «Бүгінгі жас – болашақ ата – ана» деген ұғымды бойларына сіндіре білді. Сондай-ақ қыздарға қыздардың яғни жастардың ара қатынасы бойынша және заң алдындағы жауапкершілігі туралы, «Қыз тәрбиесі – ел тәрбиесі», «Қызды тәрбиелеген елді тәрбиелейді» сынды қазақтың керемет сөздерін мән – мағынасын аша отырып, «Тараз достары» жастар қоғамдық бірлестігінің Атқарушы директоры А.Есіркепов пен Тараз мемлекеттік педогогикалық институтының студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Құрбан нақты мәліметтер көрсетті.
Кездесу соңы дискуссия ұласып, сұрақтар қойылып сұрақтарына толықтай жауап алды. Жастар өз алғыстарын айттып және де осындай іс-шаралары жиі өтіп тұрса деген ниет білдірді.