• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Қазақстан жаңалықтары

Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылады

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Бейжіңге жұмыс сапары аясында ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен кездесіп, аталмыш жобаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

27.02.2024
0
Мәдениет және ақпарат министрлігі
29
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Орталық қызметінің негізгі бағыты музей және кітапхана ісі, музыка және кино өнері, тіл үйрету т.б. болады деп жоспарлануда.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай арасындағы достық, татулық және ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестік қарым-қатынас белсенді дамып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР-ға ресми сапары аясында Си Цзиньпинмен кездесіп, 2022 жылы екі елге теңдей мәдени орталықтар құру туралы келісімге қол жеткізді. Елдер арасындағы мәдени диалогты дамытудағы бұл маңызды қадам мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.

«Қытай мен Қазақстан — ұзақ уақыт бойы стратегиялық одақтас, сондай-ақ барлық сала бойынша тығыз қарым-қатынас орнатқан серіктес. Бүгінгі кездесу екі ел арасындағы татулықты одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға берік негіз болды. Біз өз тарапымыздан орталықтың ашылуына қатысты барлық мәселелерді жедел шешуде барынша қолдау көрсетеміз», — деді Сунь Ели.

Іссапар барысында қазақстандық тарап Қытайдағы Қазақстан орталығының мазмұндық тұжырымдамасын әзірлеп, ғимарат таңдауға қатысты ұйымдастырушылық мәселелер мен құқықтық аспектілерін пысықтады.

Сонымен қатар министрлер екі ведомствоның одан әрі байланысын арттыру мәселелерін талқылады.

Екі жақ бірлескен жұмысты күшейту үшін мәдениет саласындағы келісімдерге қол қою арқылы ынтымақтастықты нығайту мәселесін пысықтады. Атап айтсақ, театр және концерттік ұжымдар арасындағы гастрольдер, көрмелер мен классикалық әдебиет туындыларын өзара аудару, басып шығару мәселелері және басқа да жобалар бар.

Аида Балаева Қазақстан үшін Қытайдан мұрағат материалдары мен мәдени мұраны қайтарудың маңызын атап өтіп, цирк өнері мен хореография саласындағы студенттер мен оқытушыларға арналған ҚХР мамандарының шеберлік сыныптарын өткізу, кинематография бойынша гранттар бөлу, музей ісі саласында тәжірибе алмасу және тарихи-мәдени мұраны сақтау, реставрациялау секілді мәселелер де өзекті екенін тілге тиек етті.

ҚХР радио және теледидар істері жөніндегі Мемлекеттік басқарма басшысы Цао Шуминмен кездесу де маңызды болды.

«Біздің Мемлекет басшыларының арқасында Қазақстан-Қытай серіктестігі барлық салаларда жақсы қарқынмен дамып келеді. Екі елдің телеарналары бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырды. Біз жаңа форматта контент жасау арқылы микросериалдар мен елдер туралы бейнероликтер түсіріп, оларды теледидарға тарату бағытындағы жұмысты күшейтуді ұсынамыз», — деді Цао Шумин.

Аида Балаева ҚХР телеарналарында көркем, деректі, анимациялық фильмдердің ротациялануына қолдау сұрады, сонымен қатар бірлескен сериал түсіруге, Қазақстанның көрікті жерлері мен мәдени нысандары туралы роликтер түсіруге көмектесуге әзір екенін айтты.

Сондай-ақ министр хабар тарату ауқымы бойынша әлемдегі ең ірі БАҚ-та көрсетілетін Қытайдың телевизиялық шоуларына отандық мәдениет өкілдерінің қатысуына ерекше қызығушылық танытатынын атап өтті.

Айта кетейік, екі жақ БАҚ және ақпарат, теле және радио хабарларын тарату мен аудиовизуал өнім мәселелері бойынша өзара байланыс туралы келісім жобаларын қарастырады.

Министр ҚХР «Global China Media Corporation» ірі медиа корпорациясының бас директоры Шэнь Хайсюнмен кездесу барысында, қытайлық тарап екі елдің мәдени мұрасы мен мәдени құндылықтарын насихаттауға бағытталған деректі фильмдер шығару туралы келісім жасауды ұсынды.

Наурыз мейрамы қарсаңында қытайлық радиостанцияларда күйлер ротацияланатын болады.

ҚХР Ұлттар істері жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасы Пан Юэмен кездесуде Аида Балаева Қазақстан тарихында алғаш рет көпұлтты «Бірлік» ән-би ансамблі құрылғанын сөз етті.

Тәжірибе алмасу мақсатында министр ансамбльдің Бейжіңге гастрольдік сапарын ұйымдастыру, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік комитеті жанында жұмыс істейтін түрлі ұлттар мен аз ұлттар ансамблдері көркемдік жетекшілерінің мастер-кластарын өткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Министр Бейжіңге жұмыс сапарының соңында Қытай Үлкен театрының директоры Ван Нинмен кездесті, тараптар екі елдің театр өнерін дамыту мәселелерін талқылады.

Театрда қазақстандық делегация «Үлкен қызыл арман» қойылымын тамашалап, биік эстетикалық деңгейде қойылған би драмасынан ерекше әсер алды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Тегтер: Аида БалаеваҚытаймәдени орталықМәдениет және ақпарат министрлігі
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты