Эвакуацияланған адамдардың ішінде 150-і бала. Сонымен қатар, 200-ге жуық техника қар құрсауынан шығарылды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уакишев осындай деректерді келтірді.
Оның айтуынша, төтенше жағдайлардың туындау қаупі, ауа райының нашарлауы, республиканың автожолдарының жабылуы және басқа да шұғыл хабарламалар туралы халықты ақпараттандыру мәселелері ерекше бақылауда.
«Есепті кезеңде 1300 рет дауылды ескерту жарияланды, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар 300 рет жабылды», — деді спикер.
ТЖМ баспасөз қызметі