Ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап «Эйр Астана» қазақстандық әуе компаниясы Қырғызстанға Алматы-Ош бағытымен жаңа рейс ашуды жоспарлап отыр.
Рейстер аптасына 4 рет орындалады (сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі).
Осылайша, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 7-ден 11-ге дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастық дамуына ықпал етеді деп күтілуде.
Азаматтық авиация комитеті