Қылқалам шеберінің көрмесі өтті
Ағымдағы жылдың 14 қазанында облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Геннадий Тянның шығармашылығына 40-жыл толуына орай, «Менің Қазақстаным» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті.
Көрме «Менің Қазақстаным», «Май», «Тектурмас», «Пыль веков», «Көкпар», «Қыз қуу», «Ловля лошади», «Белые розы», «Ночь» және осы сынды 60-қа жуық туындылар қойылған 3 залды қамтыды. Көрменің ашылуына 100-ге жуық адам келіп, суретшінің еңбектерін тамашалады.
Мазмұнды шараға суретшінің республиканың түкпір-түкпіріндегі арнайы шақыртылған қонақтары, қала жұртшылығы мен БАҚ өкілдері қатысты. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зүбайра Жарқынқызы қылқалам шеберіне Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасын табыстады.
Іс-шара барысында экскурсоводтар қонақтарды көрмедегі суретшілердің туындыларымен таныстырды. Айта кетерлік жәйт, аталған көрме 1 айға жалғасады.