Ағымдағы жылы облыс бойынша суармалы судың жетіспеушілігі мен температураның қалыптан жоғары болуына байланысты дақылдардың шығыны өткен жылмен салыстырғанда 25-30 пайызға төмен болады деп күтілуде.
Шаруалардың жағдайын білу үшін жолға шығып Талас арнасы арқылы жүріп өтіп Талас пен Байзақ ауданы дихандарының мұң мұқтажын жазуға тура келіп тұр.
ТАЛАС АУДАНЫНДА БӘРІ ЕСЕПТЕУЛІ, БІРАҚ БӘРІ ҚАМТЫЛМАҒАН
Талас ауданына ат басын бұрғанда бірінші кезекте аудандық ауыл шаруашылық бөліміне баруды жөн көрдік. Өзінің қызметін кабинетінде бөлім басшысы Жандос Құдиярханды кезіктірдім.
Құдиярханның айтуынша, Талас өзенінің бойында Бостандық, Сәду Шәкіров, Аққұм, Ойық ауылдық округтерінің суармалы жерлеріне шығын келтірілген.
— Біз есептедік, жалпы 150 га жер. Аудан әкімнің өкімімен жұмысшы топ құрылды. 62 га қызылша, 62 га көпжылдық шөп жоңышқа, 36 га жүгері зардап шеккен. Жалпы зардап шеккен 16 шаруа қожалық. Бұл жерде біз тек карта бойынша есептеп облысқа да мәліметін бердік. Барлығы 38 миллион болды. Бұл егістікке кеткен шығындары. Пайдасы қарастырылмаған. Егін егуге жер дайындайды, тұқым алады. Суға байланысты шығындары бар. Кейбіреулер тыңайтқыш алады. Соның бәрін есептеп шығардық. Қазіргі таңда 16 жердің ешқайсысы сақтандырылмаған. Бұл біріншіден, екіншіден мемлекет тарапынан пайда бойынша өтеп беру деген қарастырылмаған. Бір ғана шаруақожалық кредит алған екен, қалғандары өз қаражатынан екен, — деді маман.
Аққұм ауылдық округінде жердің иесі Амангелді Тойшыманов іздеп келді.
-«Тойшыман” шаруа қожалығының иесімін. Шаруашылық басында 5 га қызылша күйді. Енді анау жоңышқаны қойшы енді. Өнім ала алмай қалдық. Су жоқ қой оған. Енді шамамыз келгенше қолдағы нәрсемен тірлік жасаймыз. Мал бар. Әйтеуір шамамыз келгенше жатпаймыз ғой, — деді ашынып шаруа.
БІЗДІ ҚАМТЫМАДЫ
Талас ауданы Талапты ауылын аралап жүргенімізде жолда кезіккен трактордың “прицеппен” келе жатқанын байқап, тоқтатып алдым. Тракторды жүргізіп келе жатқан Бостандық ауылының тұрғыны, “Ақжар” шаруа қожалығының басшысы Нұрбол Төребеков екен. Төребековтің сөзінше 6 га жері бар екен.
— Сол жерге үкімет биыл да, былтыр да жеріңді алып қоямын деп егін еккізді. Өзім 6 га арпа ектім. Суғара алмадық, бәрі қурап кетті. Тізеге жетпей, бір қарыстан асты, бір қарыстан ораққа да ілінбей қалды. Түгел қурап кетті. Сонымен қалды. Өзімнің бақшам бар. Бақшамда 1 га жер бар. Құжатын жасап алғанмын. Ол жерге жүгері ектік. 80 мыңның ұрығын әкелдім. Бала шағамызбен жаздай шөбін шаптық. Ол да қурап кетті. Тізімге кіруге құжат жинау керек дейді. Ол құжатты жинап өткізген жоқпын. Бірақ әкімге айтып қойдым. Қазіргі таңда біреудің шөбін тасимыз, біреудің отынын тасимыз. Өзіміз мына жақта дарбыз еккенбіз, деді ол.
МЕНІҢ ДЕ ЖЕРІМ БОЛҒАН, ӘКІМШІЛІК АЛЫП ҚОЙҒАН
Бостандық ауылының тұрғыны Бургебаев Рақымжан «жерім жоқ» деді. «Осы жердің тұрғылықты адамымын. Жерімнің барлығын біреулер алып қойған. Ұрлық бойынша мал ұрланып жатыр, былтырдан бері. Менің үш сиырым ұрланды. Табылған жоқ. Бала шағаның садақасы» деп қынжылысын білдірді ол.
ҰСАҚ ШАРУАЛАРДЫ ҚИНАМАЙЫҚ
Байзақ ауданында ең ірі шаруа қожалықтарының бірі “СПК Агрохолдинг аспан” басшысы Сақа Манатовпен сұхбаттастық.
— Қанша га және қандай егістік алқабын ектіңіз осы жылы?
2023 жылы шаруа қожалығым СПк кооператив 350 га қант қызылшасын, 150 га кукуруза екті.
— Қуаңшылық уақытта жағдайларыңыз қалай болып жатыр?
Қазіргі жағдайы көріп тұрғандарыңыздай, бүкіл дәнді дақылдар солып, іске аспай қалды. Бұның бәрі су тапшылығынан болып жатыр. Су жоқ. Су жоқ болғаннан соң дәнді дақылдардың бәрі қурап кетті.
— Қуаңшылық сізге қанша шығын келтіріп тұр?
Қазіргі жағдайда менің шаруа қожалығыма 400 000 000 миллион шығын келіп тұр.
— Бұл жерде барлығы жүгері ме әлде қызылша ма?
Иә 350 га қызылша, 150 га жүгері.
— 500 га жерге 400 миллион теңге шығын келді. Бұл жерде пайда жоқ. Тек қана шығын ғой?
Тек қана шығын екенін құжат жағынан дәлелдей аламыз.
— Енді қайтып күн көресіз?
Өткенде үкімет басшысы Смаилов мырза өңірге келген. Келіп бізге Сіздерге компенсация төлеп шығындарды жабамыз деп бір қуантқан. Жақында үкімет тарапынан төтенше жағдай жарияланды. Соған бір қуандық, енді қазір техкарта жасап жатыр. Әр дақылға шығынның суммасы жасалынып жатыр. Соны күтіп отырмыз. Егерде үкімет тарапынан дұрыс есептелсе, қазіргі қымбатшылықты есепке алып, шығындарымыз қайтарылса нұр үстіне нұр болар еді.
— Егерде сіздің құжаттарыңыздағы баға техкартадағы бағамен сәйкес келмесе, құжаттармен дәлелдей алсаңыз толықтай соманы ала аласыз ба?
Өзіміздің шығындарды дәлелдей алсақ ала аламыз деп ойлаймын.
- Мақұл, сіздер үлкен СПК-сыздар. Құжаттарды жүргізесіз, не алды, не істелді бәрін құжаттарыңызда көрсетіп отырасыз. Енді 50-60 га бар шаруалар не істейді? Олар құжаттама жүргізбейді ғой.
Ұсақ шаруалар құжаттарын жүргізбейді. Оны былай есептеуге болады. Ол өте оңай нәрсе. Мысалы әр гектарға шығынды есептеу өте оңай. Жер аударудан бастап, культивациясы бар, химиялық прополкалары бар, қолмен жасалатын прополкалары бар. Соның бәрін есептеп шығу өте оңай. Қазіргі нарық бағасы бәріне белгілі. Үкімет көмек қолын созуы үшін жалынып, я болмаса қинап сұраудың қажеті жоқ.Бәрімізге ортақ белгілі бір соманы қою керек. Биылдыққа мысалы өте қымбат болды. Жерді айдаудың өзі 20 000 тг болды. Былтыр 15 000 тг еді. Жыл сайын 50-100% қымбатшылық болып жатыр. Мысалы қант қызылшасын қолмен арам шөптен тазарту жұмыстары екі рет болады. Химиялық тазалаудан бөлек. Ауылдағы азаматтардың бәріне ақша беріп жасатамыз. Оларға күнделікті төлейміз. Нәтижесінде егістік таза болып тұрады. Сол қолдан тазартуымыздың өзі 250 000 теңгеге барды. Қызылша мен жүгеріні тазартуға 500 000 теңге кетіп қалды. Бір гектарына. Биыл бір адамға 8-5 мың теңгеден береміз.
— Қуаңшылықтың салдарынан қанша қызметкеріңіз шығынға батып, өздерінің отбасыларын асырай алмай отыр?
Қазіргі менің шаруашылығымдағылар 2 ай болды айлықтарын ала алмай отыр. Әйтеуір малымыз бар. Құдайға шүкір малымызды сатып бәріне айлықтарын беріп жатырмыз. Қыркүйекте балалар оқуға барады. Біздің шаруашылық бақуатты.Мал сатып балаларды киіндіріп жатырмыз. Басқа ұсақ шаруашылықтар қатты қиналып жатыр. Қарыз алып жатыр.
— Сіздің малыңыз бір ақ қуаңшылыққа жететін шығар. Екінші қуаңшылыққа жетіп қала ма?
Оны енді құдай білед. Қазір малды сатып жатырмыз, келесі жылы не сатамыз? Сол үшін бізге үкімет тарапынан жоғары деңгейде көмек керек. Қазір мысалыосы қымбатшылыққа байланысты керекті шығындарды үкімет төлеп берсе, ел тарапынан үкіметке сенім артылады деп ойлаймын. Сол маңызды нәрсе. Біз қазір үкіметке қарап отырмыз.
— Осы қуаңшылықтан оңай шығып, жақсы табыс табуларыңызға тілектеспін.
Сіздің тілегіңізді қабыл алдым. Бірақ осы қыстан қалай өтетініміз үкіметтің қолында. Егерде үкімет шынымен жоғары деңгейде бәрін өтейтін болса, менің мойнымдағы 600 000 миллион кредитті өтеуге мүмкіншілік болады. Каникал береміз дейді. Бізге каникул керегі жоқ. Мына АКК-дан көктемгі дала жұмыстарына кредит алғанбыз. Бұның бәрі құжатпен бекітілді. Оларды уақытында төлемесек бізге пайыз жүреді. Қымбатшылыққа байланысты шығынымызды өтеп беретін болса біз бәрінен құтыламыз.
— Бір гектарға осы шаруаларға кемінде қанша керек?
Мен негізі шығындарды екі категорияға бөліп қарауды дұрыс санаймын. Мысалы Тараз қаласынан 20-25 км периметр айналымында бізде бір ақ рет су ішілген шаруалар, ішпеген шаруалар бар. Ол бірінші категория. 20 км дейінгілер суды 3-4 мәрте су ішті. Бірақ қазіргі жағдайда олар екінші категория. Оларда қант қызылшасы жатыр ғой. Оны үкімет қысқа бағамен 2 миллион қылып көтеріп беруі керек. Ал біздерге қант қызылшасын бір миллион етіп көтеріп бергені дұрыс.
— Мен мысалы бүгін Таласта болдым. Олардың шығыны гектарына 350 тг екен. Ал сіздердің бір жарым миллион. Бұл жерде шаруалардың айырмашылығы неде деп ойлайсыз?
Бұл жерде өнім алуда. Мысалы бізде өкімет тарапынан селитра береміз, тыңайтқыш беретін болсақ, белгілі бір маржа қойылады. Бір гектарға селитра 373 гр берілуі керек. Одан артық беруге болмайды. Бірақ біздің жерлеріміз құнарсыз. Сол үшін тыңайтқыш бермесек өнім ала алмаймыз. Өнім алу үшін тыңайтқыш көп аламыз. Үкімет беретін деңгейден екі-үш есе көп аламыз. Өзіміз нарықтық бағамен сатып аламыз. Айырмашылық осыда. Содан соң Талас ауданының азаматтары көбісі қант қызылшасымен айналыспайды. Олар жүгерімен айналысады. Тағы бір мәселе оларға су барған жоқ. Бізде бір рет суғарылды. Су барғаннан соң қосымша омофоз, селитра беріледі. Басқа химиялық дәрумендер беріліп, арап шөптен тазаланады.
— Әңгеміңізге рақмет. Мәселе оңынан шешілсін.
https://youtu.be/6QFC2owOKp4?si=qnSXYdCc7546PYRy
БАЙЗАҚТА ҚАНША АЛҚАП СУСЫЗ?
Байзақ ауданында ауылшаруашылығында бөлім басшылық Еркебай Рысалиевпен жолықтық.
Бөлім басшысының айтуынша, бүгінгі таңда 1719 гектар жерді зерделеп шықтық, зерделеп шыққанда бұл жерде комиссия құрдық, комиссия құрамында 7 адам бар бүгін зерделеуге шақырып схемаларын сызып қант қызылшасы мен дәнді жүгерілер бізде көп зардап шеккен. Жаңатұрмыс ауылдық округында 500 гектар жер қурап кетті. Нақты шығын есептеу үшін уақыт керек деп жауап берді.
Ары қарайда қуаңшылықтан зардап шегіп жатқан дихандармен кездесулер жүргізіледі. Бұл тек бірінші бөлімі.
Автор: Исламбек Дастан