Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.
Өңірлерде аумақты тазарту және жырту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ орманды дала алқаптарында алдын алу шаралары басталды. Әкімдіктерге өрттің қауіпті кезеңіне дайындықтың жеткіліксіздігі туралы 700-ден астам ескерту берілді. Сонымен қатар, Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаз құрғақ, шөпті болады деп күтілуде, сол арқылы өрт қауіптілігінің жоғары қаупі сақталады.
Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Өткен жылдағыдай, өрт ошақтарының алдын алуға және ерте анықтауға басты назар аударылады. «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ТЖ геоақпараттық жүйесі арқылы өрт жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Үкіметтің баспасөз қызметі