ТЖ Министрі Юрий Ильин Ақтөбе облысы ТЖД гарнизоны жеке құрамымен кездесіп, Төтенше жағдайлар органдары мен бөлімшелеріне жүктелген функциялардың нақты орындалуына назар аударып, жеке құрамға сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Мартук ауданы ТЖБ бастығы азаматтық қорғау капитандары Коваленко Тарас Васелеевичке және Умешов Аманғали Сагингалиевичке «азаматтық қорғау майоры» шенін табыс етті.
Сонымен қатар азаматтық қорғау майоры Бақытжанов Қалихан Арыстанбайұлына, азаматтық қорғау старшинасы Қомытов Азамат Төребекұлына, азаматтық қорғау сержанты Төлеуғанов Қанат Амандықұлына «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» төс белгісі табыс етілді.
ТЖБ бастығы сондай-ақ, азаматтық қорғау лейтенанты Жаха Айнұр Нұрлыбекқызына, жедел-құтқару жасағының басшысы-құтқарушысы Косовец Виктор Сергеевичке, азаматтық қорғау капитаны Дамир Расихович Ахатовқа өз атынан алғыс хаттар табыстады.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі