• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«TULPARCARD» МЕН «BALAPEY» КОМПАНИЯЛАРЫ БІРІКТІРІЛІП, МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ АРНАЙЫ ЖҮЙЕМЕН ЖАБДЫҚТАЛАТЫН БОЛАДЫ

10.08.2021
0
«TULPARCARD» МЕН «BALAPEY» КОМПАНИЯЛАРЫ БІРІКТІРІЛІП, МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ АРНАЙЫ ЖҮЙЕМЕН ЖАБДЫҚТАЛАТЫН БОЛАДЫ
243
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында: «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы. Ең алдымен, цифрлы теңсіздікті жойып, барлық азаматты интернетпен және сапалы байланыспен барынша қамтамасыз ету керек. Бүгінде бұл жолдар мен электр қуаты сияқты негізгі қажеттілікке айналып отыр. Мұның бәрін толықтай цифрландыру керек. Адамдар емес, мәліметтер «зыр жүгіруге» тиіс», деп Үкімет пен жергілікті атқарушы органға нақты міндеттер жүктеді.

Ал облыс әкімдігінде өткен жиынның бірінде аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы цифрландыру саласында атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі толмайтынын айтып: «Ел Президенті нақты міндеттерді айқындап берді. Үкімет оларды орындауға бағытталған шараларды белгілеуде. Бірақ стратегиялық мақсаттарға жету жолында кідіріс байқалуда. Цифрландыруды жүзеге асыруда біздің облыс республика бойынша артта қалғандардың қатарынан көрініп отыр. Біз бұл туралы жыл басынан бері айтып келеміз, бірақ нәтиже көрінбейді. Әлі де сол қалпында. Мұның бәрі жауапты тұлғалар тарапынан тиісті бақылау мен талаптың жоқтығының салдары»,-деп сала мамандарының жұмысын сын тезіне алды. Аймақ басшысы айтса-айтқандай, бірнеше жылдан бері цифрландыру саласын дамытуға жаңа серпін беру мақсатында қарқынды жұмыстар жүргізілгенімен өңірде әлі де шешімін таппаған мәселе көп. Сан мәрте олқылықтарды жою үшін тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілгенімен түйткілдердің түйіні толықтай тарқатылмағандықтан сандық технологияларды нарықтық стандарттарға сәйкес дамыту мақсатында облыста арнайы мемлекеттік орган – цифрлық технологияларды дамыту басқармасы құрылды. Жаңа басқарманың алғашқы басшысы болып ағымдағы жылдың сәуір айында Архат Байқазақов тағайындалған. Әрине белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, кемшіліктерді жою үшін үш ай аз уақыт болуы мүмкін. Дегенмен басқарма басшысы Архат Қайратұлымен әңгімелесуден кейін аз уақытта сүйсінтерлік жұмыстардың атқарылғанына көзіміз анық жетті. Ендеше цифрлық технологияларды дамыту басқармасының сәуірден бері атқарған жұмысын саралайық.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚҚТ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылдың шілде айынан бастап Тараз қаласындағы қоғамдық көліктерге «TULPARCARD» электрондық билеттендіру жүйесі енгізді. Архат Қайратұлының айтуынша, қазіргі таңда жолаушылардың 97 пайызы арнайы карта арқылы төлем жасайды. Одан бөлек қолданыстағы «Taraz bus» қосымшасын «TULPARCARD»-пен біріктіру жұмыстары жүргізілген. Яғни енді тұрғындар «TULPARCARD» арқылы да қай автобустың қай жерде келе жатқанын бақылап отыра алады. Сондай-ақ «ҚҚТ» серіктестігі ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап «Ақылды аялдама» жобасы аясында пилоттық режимде жарықдиодты ақпараттық таблоларды орнатуды жүзеге асырған. Қазіргі таңда ақпараттық таблолар қала орталығындағы үш аялдамаға орнатылған. Егер тұрғындар тарапынан оң баға алып жатса алдағы уақытта таблолардың санын арттырып, қыркүйек айына дейін тағы он табло қойылады. Бірнеше ай бұрын Татарстанның Қазан қаласында болған қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде алғашқылардың бірі болып Тараз қаласында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жоба іске қосылды. Жаңа жоба ата-ана үшін де, оқушы үшін де тиімді болмақ.

– Оқушының қоғамдық көлікпен жүруге арналған арнайы «TULPARCARD» картасына бірнеше жүйе біріктірілген. Мәселен бала үйден шығып, автобусқа мініп, картасын арнайы валидаторға басқаннан кейін бірден анасына немесе әкесіне автобусқа мінгендігі туралы хабарлама келіп түседі. Сондай-ақ мінген көліктің нөмірі көрсетіледі. Бала мектепке келгеннен кейін арнайы орнатылған турникеттерде «TULPARCARD» компаниясымен интеграция жасалған. Яғни деректер базасы біріктірілген. Ал мектеп ғимаратының кіреберісіндегі турникет арқылы оқушы бетінің биометриялық параметрімен және картамен де кіре алады. Оқушы мектепке кіргенде және шыққан да ата-анасына хабарлама жіберіледі. Одан кейін «TULPARCARD» мен «Balapey» компаниялары біріктіріліп, мектеп асханалары арнайы жүйемен жабдықталатын болады. Жүйе арқылы бала өзіне керекті тамақ мәзірін таңдап, «TULPARCARD» картасы арқылы төлейді. Баланың қандай тамақ несемесе сусын алғанын, қанша шығын жұмсағанын ата-анасы бақылай алады. Қазіргі таңда облыс орталығындағы білім ошақтарының көбінде турникет қойылған. Бірақ талапқа сай емес. Мәселен 1000 оқушы оқитын мектепте бір ғана турникет болғандықтан оқушылардың емін-еркін кіріп-шығуына айтарлықтай кедергісін тигізеді. Негізі бір мектепте кем дегенде 4 турникет болуы керек.

Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған жұмыстар бірінші қыркүйекке дейін пилоттық режимде Тараз қаласындағы он мектепте іске қосылады, – дейді Архат Байқазақов.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы барлық мектептің бейнебақылау камералары бірінші қыркүйекке дейін жедел басқару орталығына (ЦОУ) қосылатын болады. Осылайша басқарма оқушылардың қауіпсіздігіне қауіп тудырып тұрған мәселелерді шешуге барынша басымдық беріп, жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды

Тегтер: қауіпсіздікоқушылартурникетцифрландыру
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты