Қазақстан мен Өзбекстан басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев 6 желтоқсанда келіссөз жүргізеді.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси диалогты нығайту, сауда-экономикалық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту, мәдени-гуманитарлық алмасуларды кеңейту мәселелері талқыланады деп күтілуде. Тоқаев пен Мирзиеев аймақтық және халықаралық саясат жөнінде де пікір алмасады.
Келіссөздер нәтижесінде 20-дан астам құжатқа қол қою жоспарлануда.
Еске салсақ, 5 желтоқсанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Нұр-Сұлтанға мемлекеттік сапармен келген.
Мәртебелі мейманның құрметіне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында құрметті қарауыл сап түзеді.
Елорданың әуе айлағында Өзбекстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Дереккөз-https://kaz.orda.kz/to-aev-pen-mirzieev-n-r-s-ltanda-keliss-z-zh-rgizedi/#part=1