Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан жұртшылықпен кездесуі барысында өңірдегі кәсіпорындарда ең қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейтінін айтты.
«Экология проблемасынан бөлек облыстың өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі сын көтермейді. Қарағанды сияқты индустриясы дамыған облыс үшін бұл – маңызды мәселе.
Мысалы, тек 2022 жылы «АрселорМитталТеміртау» АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелді. Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құюы керек.
Уәкілетті органдар өндірістік апаттардың көбейгені үшін кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін жүйелі шаралар қабылдауы қажет», — деді Президент.