Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады
– Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін! – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.
Жамбыл облысы әкімі Ербол Қарашөкеев Амал мерекесі құттықтауы:
Қадірлі жамбылдықтар!
Баршаңызды жыл құсындай жылылық ала келген Көрісу күнімен құттықтаймын!Ізгілік пен мейірімділікке, ынтымақ пен бірлікке, сыйластыққа үндейтін бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы зор. Адамды адамгершілікке, бауырмалдыққа, жақсылыққа тəрбиелеп, үлкенге құрмет көрсетуге баулиды.Тарих тереңінен тамыр тартатын, ежелден үзілмей жалғасып келе жатқан Көрісу күнінде қыстан аман-есен шыққан жұршылық, ағайын туыспен сағынысып, көрісіп, амандық-саулық сұрасатын болған. Үлкендер жастарға батасын беріп, көпшілік бір-біріне ақ тілектерін белдіреді.Амал мерекесі құтты болсын!
Ел бірлігі нығайып, ырыс-ынтымағымыз арта берсін!