• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Абырой

Тілді білу – басымдылық

16.09.2020
0
Тілді білу – басымдылық
193
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ЮПТ инспекторы ұлттық тілді қорғап қалуға күш салып келетінін айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, – деген екен қазақтың тілі мен тағдыры үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов. Шындығында, тіл –қай халықтың болмасын жаны, ұлттық белгісі, мұрасы, кескін-келбеті. Ал қазақ тілі дүние жүзіндегі ең бай тілдердің бірі екені белгілі, тіпті кейбір деректер бойынша әлемде байлығы мен оралымдығы жөнінен алдыңғы орында екенін де статистикалық мәліметтер растап отыр. Алайда, кейде сол халықтың кейбір өкілдері бұл тілді керексіз етіп отырғаны жасырын емес. Қазіргі жаһандану дәуірінде әр ел өз тілін қорғап қалуға күш салуда. Егеменді ел атанған шақта қазақша сөйлей алмайтын азаматтардың да бар екені қынжылтады.

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Кез келген халықтың тәуелсіздікке ұмтылудағы басты мақсаты да осы. Сондықтан қай елде болмасын тілге мемлекеттік мәртебе беріледі. Тіл халықпен бірге жасап, дамиды, жойылады. Қазақстанда тұратын әрбір азамат қазақ тілін меңгеруі қажет. Себебі бұл- Отанымыздың тілі. Өз Отаныңның тілін меңгеріп, тарихын білудің артықшылығы өте көп.

– Талаптының тоқпағы тасқа шеге қағады, – дегендей, адамда тек талап болсын, қажеттілік болсын деп тілейік. Өз басым қазақ тілінде таза әрі қиындықсыз сөйлеймін. Менің әкем – орыс, ал анам-қазақ қызы. Үйде үнемі қазақша сөйлейміз, әсіресе туыстар бас қосқан кезде қазақша ән шырқап, өлеңдерді жатқа айтамыз. Сондай-ақ менің көршілерімнің көпшілігі қазақтар болды, әрі бала кезімнен бастап қазақ балалармен бірге ойнап, қатар өстім. Есейе келе қазақ тіліндегі кітаптарды көп оқуға тырыстым. Қазір осы тілдің қыр-сырын үйренуге құлшынысым артып келеді.

Сонымен қатар, өзім қызмет жасайтын мекемедегі тіл мамандарымен ұйымдастырылған қазақ тілі курстарына қатысып, өзімнің жақсы тіл меңгеру деңгейімді көрсеттім. Жалпы біздің мекемеде қазақ тілін үйренуге мүмкіндік көп. Тіпті біздің оңтүстік өңірде тілдік кедергі жоқ десе де болады.

Қызметкерлерден тиісті тіл даярлығы ұдайы талап етіледі. Күнделікті қызмет бабында кездесетін терминдермен жұмыс жасап, іс-қағаздарын мемлекеттік тілде сауатты жүргізіп, азаматтармен қарым-қатынаста мемлекеттік тілді еркін қолданып, сөйлеу дағдысына айналдыруға барынша назар аударылады. Жалпы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу талап етілуде. Тілді білгенімнің арқасында өз қызметімді де барынша күш салып атқарудамын. Адамның мүмкіндігі шексіз дейді білетін кісілер. Мәселен, ғұлама Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгеріпті, орыстың ақыны Александр Пушкин 10-нан астам тіл білген, ал ақын Абай бірнеше тіл білген екен. Талап болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда екені шындық.

Үйренемін деген адамға барлық жағдай жасалуда. Мекемеде түрлі сөздіктер мен бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар, аудиоаудармалар, бейнематериалдар, қажетті құжаттар қоры бар. Күнделікті қызметте түрлі ұлттың өкілдерімен кездесемін. Олармен көбіне мемлекеттік тілде қарым –қатынасқа түсемін. Қоғамның толыққанды, тең дәрежелі адамына айналу үшін мемлекеттік тілді меңгеру керек екенін бәріміз түсінуіміз керек. Мемлекет азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауда. Дамыған тіл мәдениеті-зиялы қауымның басымдылығы. Мемлекеттік билік өкілдері ішінен ең халыққа жақыны, тығыз қарым-қатынасқа түсетіні де полицейлер. Тек “Ұлық болсаң – кішік бол” жайдақ тақпақ болмасын. “Бұтағы көп ағашқа құс қонар” демекші жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір ұлттардың басын біріктіріп, сан тілекті бір тілекке бағындырған шебер саясаттың арқасында Қазақстан болашақта қуатты “барысқа”, яғни қуатты мемлекетке айналмақ. Құшағы кең қазақ елі көптеген өзге ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына алды, олардың бірлігі мен ынтымағы басқаларға үлгі. Өз кезегінде қазақша сөйлеуге талаптанып жүрген олардың қатары күннен күнге толығуда.

Тіл- болашақтың тірегі. Олай болса қазақ тілі-мемлекеттік тіл – Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі болсын! Менің де болашағым қазақ тілінде дегенді сеніммен айта аламын, – дейді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының ЮПТ инспекторы Оксана Семенова.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 10,8%-ға артты

14.05.2025
Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

Сұйытылған мұнай газын экспорттауға тыйым салу мерзімі ұзартылды

14.05.2025
Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

Қазақстанда ұлттық жасанды интеллект платформасы пайда болады

14.05.2025
Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

Жұмысшы мамандықтар: Жамбылда 6 салалық кешен ашылады

14.05.2025
Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

Мектеп оқушылары аудан әкімін таниды ма?

14.05.2025
Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс жариялады

14.05.2025
«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

«Ойлан, тап» олимпиадасында кім жеңді?

13.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты