• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтеді

16.03.2020
0
Тіл мәртебесін көтеру, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейтеді
2
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Әр судьяның күнделікті жұмысында қолданатын заңдар мен кодекстерден тұратын жеке кітапханасы бар. Заңдар мен заң жинақтары сот жұмысының негізгі жұмыс құралы болып саналатындықтан оның кейбіреуіне судьяның бір жұмыс күн ішінде бірнеше рет шолу жасап, қолдануына тура келеді. Тіпті процессуалдық кодекстерді күні бойы үздіксіз пайдаланатын кездер да орын алады. Әрине, бұндай қолданыстан кейін мұқабалары мүжіліп, парақтары жырым-жырым болған кітаптар тозып кетеді, сондықтан судьяның бұл кітаптарды жиі-жиі ауыстырып тұруына тура келеді.

Аталған процестің бір ерекшелігі, қазақ тіліндегі заңдар мен кодекстер жинақталған кітаптардың бұндай ескіруге ұшырамауында болып отыр. Себебі соттың бұл кітаптарды күнделікті жұмысында олардың орыс тіліндегі нұсқалары сияқты үздіксіз пайдалануы орын алмайды, олар өте сирек қолданылады. Сондықтан бұл кітаптар баспа бояуының иісі кетпеген жаңа күйінде қала береді. Ал қолданыстағы заңдардың жиі-жиі өзгерістерге ұшырайтындығын ескерсек, бұл кітаптар судья кітапханасының «мұрағатына» жап-жаңа күйінде сақталуға өтеді.

Бастапқыда бұл кітаптардың баспаның сергелдең жолын өтіп, оңайшылықпен жарық көрмейтінін ескерсек, көптеген тиражбен шығатын кітаптар бүкіл қоғам үшін жеткілікті қызмет жасап үлгермейді.

Бұл ешкімнен жасыра алмайтын, көпшілікке белгілі, қазіргі кезде нақты айқындалған проблема ғана.

Аталған жайт сот қауымдастығының қазақ тілдес буынына белгілі нәрсе болса, ал сот қауымдастығының орыс тілдес бөлігі үшін бұл проблема қызығушылық туындатпайды, және олар қазақ тілін соттағы іс жүргізуге енгізуге жеткілікті түрде ат салыспайды да. Тіпті бұндай мәселе бар-жоқтығынан бейхабар, ал реті келсе орыс тілінде соттағы іс жүргізудің аясының кеңеюін қалайды. Бұл жерде айтып отырған жайт басқа ұлт өкілдері туралы ғана емес, өз ана тілін жетік білмейтін өзіміздің қазақ ұлтты мамандар жөнінде де болып отыр.

Осы мәселенің орын алуы тек сот саласында ғана емес, қоғамның басқа да салаларды қамтып, мемлекет масштабында болып отыр.

Тағы да айта кететін жайт, біз көпшілік жиналған жерде, қоғамдық орында, қазақ тілін пайдалана қалсақ басқа ұлтты азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын шектейміз деген жалған көзқарас бар. Алайда, бұл әр азаматтың заңмен белгіленген құқығы, ал өзіне тиесілі құқығын пайдалану азаматтың өз еркі. Керісінше, осындай әрекеттермен біз басқа ұлтты азаматтарға, ең құрымағанда күнделікті тұрмыстағы қазақша әңгімелесуді үйретеміз, ұлттық деңгейімізді, тіліміздің мәртебесін көтереміз.

Бұл жерде осындай мәселелерді көтеріп жүрген азаматтар «ұлтшыл», «халықтар арасына іріткі салып жүргендер» деп аталмай «ұлт жанды», «ұлтын сүйетін азаматтар» деген ұғыным қалыптасуы тиіс. Әр ұлттың өз тілі үшін күресуге, оның деңгейін көтеруге құқығы бар, тіпті болашақ ұрпақ үшін оны істеу ұлт үшін міндет.

Даңқты қолбасшы, әскери қайраткер Бауыржан Момышұлының «Тіл – ұлт қасиетін айқындайтын белгі, ұлттық салт-сана өзегі» деген сөзі бекерден-бекер айтылмаған, себебі тілі жоқ ұлттың өзінің басқа ұлттық қаситеттерін дәріптеуі қисынсыз.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты 2019 жылдың 2 қыркүйегіндегі қазақ халқына жолдауында «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағыдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», — деді.

Осы сөздерімен Президент, ұлт жанды, ұлтын сүйетін азаматтарды, сонымен қатар қазақ халқымен ғасырлар бойы қоян-қолтық туыстық қатынаста өмір сүріп келе жатқан басқа да ұлт өкілдерін мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруде бірлесіп жұмыс атқаруға шақырып отыр.

Мемлекет көлемінде көптеген қаражат қазақ тілінің деңгейін көтеруге жұмсалуда, бірақ соның дұрыс орындалуы тиісті деңгейде қадағаланып жатқан жоқ. Құзіретті органдардың жаттанды баяндауларына сәйкес қаражат толық игеріліп, жұмыс толық атқарылуда. Қаражат мүмкін толық игеріліп жатқан да шығар, ал жұмыстың тиісті деңгейде атқарылып жатқандығына күмән бар, себебі, жұмыс толық түрде орындалған болса, осы оқу процесіне қатынасқан азаматтар қазақ тілінде сөйлеген болар еді.

Бұл мәселемен қалай күресіп, осы бағыттағы жұмыстарды қалайша жандандыруға болады.

Жиналыстар қазақша өткізіліп, баяндамалар және басқа көпшілік сөздер қазақ тілінде жасалынуы тиіс, мекемелердегі іс жүргізу қазақ тілінде жүргізілу қажет деген ұранды сөздерді айтуға болады және айтылып жүр де. Бірақ айтылғандардың нақты жүзеге асырылуы тиісті деңгейін таба алмай отыр.

Оң жетістікке жету үшін заң жүзінде бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар реттеліп, дер кезінде орындалмаған жоспарлар мен жекелеген жұмыстар тиісті жауапкершілікке соқтыруы тиіс. Жауапкершілік жоқ жерде тиісті орындаушылық та болмайды. Нақты атқарылмаған жұмыстар жеке-жеке талданып, әр қателік назардан тыс қалмауы қажет.

Тіл мәртебесін көтерудің қоғамда жиі айтылатын нақты құралының бірі ол мекеме басшының мемлекеттік тілде сөйлеуінде. Заңда, заңға сәйкес құқықтық актілерде басшының жиналысты мемлекеттік тілде жүргізуі белгіленіп, оның орындалуы тиісті хаттамамен бекімін табуы, қажет болған жағдайда ол бейнетаспаға жазылуы тиіс. Бұл атқарылған жұмысты нақты қадағалауға мүмкіндік береді.

Әрине, бастапқыда бұл қиындық туындатар, бірақ уақыт өте ол қалыпты құбылысқа айналады.

Сонымен қатар, қазақ тілін меңгеруде айтулы жетістікке жеткен басқа ұлт өкілдері міндетті түрде марапатталып, ол жариялылық түрде жүргізілуі қажет.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», — деген ұлағатты сөз бар.

Жанұядағы күнделікті араласу тілі, ұлттың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бала бойына жастайынан сіңіріледі. Алайда, бұл жерде бұқаралық ақпарат құралдарының, соның ішінде телевидение мен интернет желісінің тілдің дамуына үлкен әсері бар екендігіне баса тоқталған жөн. Мысал ретінде айтсақ, көзін аша қазақ тіліндегі бағдардамаларды көрген баланың, өсе келе орыс тіліндегі бағдарламаларға (мультфильм, балаларға арналған фильм және т.б.) көңіл аударып, қазақ тіліндегі бағдарламаға деген қызығушылығы төмендей береді екен. Бұл жерде, қазақ тіліндегі нақты бағдарлама қызықсыз жасалынғандықтан осындай жайт орын алады деген де ой туындар, ол дұрыс та, бірақ балалар бір фильмнің екі тілдегі нұсқасының ішінде орыс тіліндегі нұсқасын көп таңдауы бұл тұжырымның толықтай дұрыс екендігіне күмән келтіреді.

Кейінгі кездері теледидардағы қазақша бағдарламалардың жанданғандығы рас, бірақ оны жеткілікті деңгейде деуге келмейді.

Балаларға арналған бағдарламалар көптеп қазақ тілінде жүргізілсе, аудармалар формальды түрде емес, көрерменді қызықтыра алатын, интонацияны, дауыс ерекшелігін, кейіпкерлердің жан-дүние қалпы ескеріле отырып жасалынуы тиіс.

Сонда ғана, халықтың қазақ тіліне деген қызығушылығы оянып, қазақша бағдарламал көрермендерінің аясы кеңейеді.

Іс жүзінде, қазақша бағдарламалар түнде, жатын уақытында таратылып, ал күндізгі уақытта орыс тіліндегі бағдарламалар таратылуы басымдыққа ие.

Қазақ тіліндегі бағдарламалар үлкен қызығушылыққа ие болмағандықтан көрермен саны аз, бұл телеарнаның рейтингісіне кері әсерін тигізіп, телеарнаға тиісті пайда түспегендіктен болып отыр деген пікірлер де бар. Аталған жайт уәкілетті органдармен зерделеніп, ол шындығында расталса, мелекет тұрғысынан қажетті шаралар қолданылуы, тіпті ондай телеарналарға ақшалай қаражатпен көмектесу мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

Сот тәжрибесінде де тіл мәртебесіне қатысты келеңсіз жайттар орын алып отырады. Атап айтқанда, заңның қазақ тіліндегі нұсқасы, оның орыс тіліндегі нұсқасымен сәйкес келмей қалатын жағдайлар да кездеседі. Осы заң нормаларын саралағанда олар екі түрлі мағына беріп, заңды қолдануда қарама-қайшылық туындатқан кездер де болған. Белгілі бір құқықтық жағдайда заңның қазақша нұсқасы қолданылса бір тараптың құқығы бұзылып, екінші тарап белгілі бір жеңілдік алады, ал орысша нұсқасы қолданылса процес керісінше болады. Сондықтан, қандай жағдайда болмаса да бір тілдегі заңның екінші бір тілдегі заң алдындағы айқын басымдылығы белгіленуі қажет.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс» деген бап бар әрине, бірақ біздің жағдайымызда тек қазақ тіліндегі заңның түпнұсқалығы заң жүзінде белгіленіп, басқа тілдегі заңдар оның аудармасы ретінде жүруі қажет.

Құжаттар бастапқыда тек қазақ тілінде даярланып, содан кейін ғана орыс және басқа тілдерге аударылуы тиіс. Бұл процес көп уақыт пен қаражат жұмсауды қажет ететіндігі рас, бірақ қазақ тілінің мәртебесін көтерудің басқа жолы тиімсіз болып отыр.

Өз тілі мен ұлтын қастерлемеген азаматтың, басқа ұлт өкілдері алдындағы абыройы асқақтай алмайды, себебі, қанша сұрыптасаң да қазақ ағылшын бола алмайды, ағылшын орыс бола алмайды.

Ұлттың саулығы, оның өзіне ғана тән әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі бірінші кезекте сол ұлт өкіліне ғана керек, ал басқа ұлт өкілдері оны тек үлкен қызығушылық пайда болған кезде немесе соған ықпал ететін мемлекет тарапынан атқарылатын тиісті жұмыстар нәтижесінде ғана қажет етеді.

Әр этникалық топтың тілі мен тұрмыс-тіршілігіндегі өз мәдениеті бар. Бұл құндылықтардың жоғалуы тұтастай бір ұлттың жоқ болып кетуіне әкеліп соғады.

Тарих қойнауына жүгінсек, көптеген ұлттардың ұлт ретінде жоқ болып кетуінің ең басты себебі, көптеген жағымсыз процестердің нәтижесінде (ұлттық тілдің мәртебесін төмендету, басқа тілді күштеп оқыту, соғыс, отарлау саясаты және т.б.) олардың өз ұлттық тілін жоғалтып алуы.

Біздің кезеңіміздегі ғалым-этнологтар 10 мың адамнан аз қалған этникалық топтарды азұлттылар қатарына, 3 мыңнан аз қалғандарын жойылып бара жатқан ұлттар қатарына жатқызса, ал бір мыңнан аз ұлт өкілдері барлар, олардың өздеріне ғана тән мәдениетін, тілін және тұрмыс-тіршілігін сақтап қалу мүмкін емес деп санайды екен. Бір ғасыр шамасындағы уақыт аралығында бұндай халықтардың ұрпақтары көршілес халықтармен ассимиляцияға ұшырап, жоқ болып кетеді екен.

Біздің заманымызда да бұндай ұлттар аз емес, мысалы экскимостар, чукчалар, ненецтер, якуттер және т.б.

Осындай статистика, ұлттың ұлт болып қалуында тіл мәселесінің зор маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан да, ұлт түрінде жойылып кетпей, келешек ұрпаққа өз тұрмыс-тіршілік мәдениетін, тілін жеткізу үшін ұлттық мәртебені көтеру әр ұлт өкілінің басты міндеті болуы тиіс.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Әкетаев Ардақ Аманжолұлы

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

Қазақстандық дзюдошылар Азия Кубогінде жүлдегер атанды

25.05.2025
2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

2025 жылғы Универсиадада дзюдодан қола жүлде

25.05.2025
Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

Халықаралық жарыста мектеп спортшылары үздік нәтиже көрсетті

25.05.2025
Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

Жас футболшылар тартысты бәсекеде бақ сынады!

25.05.2025
Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

Жас балуанымыз ел чемпионатында топ жарды!

25.05.2025
Биыл 6 айда электросамокаттардың қатысуымен 78 жол апаты тіркелді

Екі жас скутер айдап мүгедек болып қалды

24.05.2025
Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі тағайындалды

24.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты