Жамбыл облысының тұрғыны былтыр қазанда Telegram желісінде «Ислам үшін» атты парақша ашып, онда заңсыз террористік құрылым ретінде танылған «Мұсылман бауырлар» және «Өзбекстан-исламдық қозғалысы» халықаралық террористік ұйымдарының видеоларын таратқан.
Ал Түркістан облысының тұрғыны желтоқсанда WhatsApp және Facebook желілері арқылы бірнеше рет «Хизб-ут-Тахрир» діни экстремистік ұйымының видеосын таратқан.
Мемлекеттік айыптаушылар сот барысында сотталушылардың кінәсін толық дәлелдеп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған.
Сот үкімі
Терроризмді насихаттағандарға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.
Үкімдер заңды күшіне енген.