Бүгін Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар топтамасын ұйымдастыру» атты әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі Бөлітірік шешен, Ойық, Сәду Шәкіров, Аққұм және Бостандық ауылдарында «Діни экстремизм мен террорзимге қарсы иммунитетті нығайту» және «Тыйым салынған ұйымдардың қоғамға кері әсері» атты кездесулер өтті. Кездесуге республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі, Мысырдың «Әл-Әзхәр» университетінің түлегі, «Һибатулла Тарази» медресесінің директоры орынбасары, ұстаз Нұралы Бақытұлы арнайы лектор болды.
— «Дәстүріміздің басым бөлігі шариғатымызбен ұштасып жатыр. Оған мысал, 1932 жылдары ана-әжелеріміздің жеті шелпек таратуы. Зерттей келгенде шариғатымыздың бір аятында: Егерде ерінің әкелген табысының бір бөлігіне тағам әзірлеп, мұқтаж жандарға бөліп беретін. Табыс тапқан еріне, тағамды әзірлеген әйелі арасында қызмет жасап жүрген адамғада теңдей етіліп сауап жазылады делінген. Сондықтанда дәстүрімізді теріске шығаруы ақылға қонымсыз ой деп білеміз. Қазіргі таңда 9 – 11 сынып бітіріп қалаға оқуға түсем деп барып теріс ағымға түскен жастарымыз көптеп кездеседі. Әсіресе жастар арасында әлеуметтік желі арқылы теріс ағымға түсіп жатқан жастарымыздың саныда аз емес. Сондықтан құрметті бауырлар өздеріңіздің балаларыңыздың немен айналысып, кімдермен сөйлесіп жүргенін және олардың теріс ағымға түспесін үшін. Оларды бір мезгіл тексеріп, рухани байлықтарын көшедегі имамдар арқылы емес. Ауылдың арнайы бекітілген имамы немесе Қазақстан мұсылман діни басқармасының қызметкерлері арқылы білім алғанына көз жеткізу керек» — деп баяндады Нұралы Бақытұлы.
Айта кетерлігі, Талас ауданындағы кездесулер бұнымен шектеліп қалмай, басқа да ауылдарда кездесулер өткізілетін болады.
TURANINFO.KZ