2020 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев реттеуді «таза парақтан» енгізуді тапсырды, бұл реттеушілік саясаттың негізгі қағидаттарын өзгертеді.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу және Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының жекелеген функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Заңда кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін қалыптастыру қажеттігі белгіленген.Реттеуді «таза парақтан» енгізу шеңберінде Әділет Министрлігі нормативтік құқықтық актілерді қайта қарау үшін Әділет министрінің бұйрығымен 2022 жылғы 6 мамырда мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құрып, жылжымайтын мүлікпен операциялар саласындағы бағыт бойынша 6 кеңес өткізді (14-топ).
Әділет министрлігі реттеушілік актілерді қайта қарау және міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру жөніндегі жұмыстардың жоспар-кестесіне сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында сараптамалық жұмыс тобымен бірлесіп, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен жылжымайтын мүлікпен жүргізілетін операциялардың 14-тобы бойынша реттеушілік актілерге талдау жүргізіп, аяқтады.Жылжымайтын мүлікпен операциялар саласында жұмыс тобы 7 реттеушілік актіні («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заң және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу саласындағы Әділет министрінің 6 бұйрығын) қарастырды.
Талдау қорытындысы бойынша 149 талап анықталды, оның ішінде өзгертуге жататын 8 заңнама талаптары белгіленді.
Атап айтқанда, алып тастауға мынадай нормалар ұсынылған:
— заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі құжаттардың негізгі пакетіне құрылтай құжаттарын қосымша ұсынуды талап ететін, нормалар өйткені іс жүзінде заңды тұлға туралы мәліметтер Ақпараттық жүйелер арқылы тартылады;
— жерасты құрылыстарына құқықтарды тіркеу кезінде өзге де құжаттарды ұсыну бойынша;
— заңды талаптарды тіркеу кезінде жеке куәліктің көшірмесін ұсыну туралы.
Қазіргі уақытта тиісті нормативтік актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сарысу аудандық Әділет басқармасы