Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тарапынан сыртқы көрнекі ақпараттардың және жарнамалардың қолданыстағы тіл заңнамаларына сәйкестігі және сауаттылығына мониторинг тұрақты жүргізілуде. Мысалы, ақпан айында «Сыртқы жарнамаға сауаттылық» атты облыстық айлық, мамыр айында «Таза қалаға-таза жарнама» акциясы өткізілді. Шаралар барысында халыққа қызмет көрсету орындарындағы көшелер бойындағы, сауда орталықтары мен басқа да жеке кәсіп нысандарындағы жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы тіл нормаларының сақталуы, мемлекеттік тілдің қолданылуы зерделенді. Рейдтік шаралармен 13 мыңнан астам сыртқы көрнекілік ақпарат құралдары қамтылды. Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бизнес субьектілеріне әдістемелік көмектер көрсетілді. Сонымен қатар, «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Сарысу, Талас және Шу аудандарының орталықтарындағы 500-ге жуық көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың заң талаптарына сәйкестігі зерделенді.
Анықталған кемшілік бойынша кәсіпкерлерге ескерту жасалып, заң нормалары түсіндірілді. Осы орайда, «Сауатты жарнама тіл тазалығының көрінісі» тақырыбында Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм және Шу аудандарының кәсіпкерлері және жарнама агенттіктерінің өкілдерімен 7 семинар-тренинг өткізіліп, әдістемелік құралдар таратылды. Мамыр айында облыс орталығындағы қоғамдық көліктердегі көрнекі ақпараттардың заңнама талаптарына сәйкестігі зерделеніп, әдістемелік көмек көрсетілді. Ағымдағы жылдың маусым айында Тараз қаласының жеке кәсіпкерлерімен, жарнама агенттіктерінің өкілдерімен «Сауатты жарнама — тіл абыройы» тақырыбында семинар-тренинг өткізіліп, жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі, жазылуы мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау мәселесі бойынша кәсіпкерлерге нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған 45 адам қатысты.
Жамбыл, Меркі, Сарысу, Т.Рысқұлов, Талас аудандарындағы тұрмыстық қызмет көрсету орындарының өкілдеріне жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше немесе көмескі, жазылуы мүлдем түсініксіз атаулардың болуына жол бермеу және жаңа ғимараттарды атау бойынша кәсіпкерлерге тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қордай ауданының орталығында 3 жарнама агенттігінің өкілдері және 7 жеке кәсіпкермен кездесу өтті. Кездесу барысында жекеменшік ғимараттарда, олардың маңдайшаларында шетелше, жазылуы түсініксіз немесе жаңа ғимараттарды атау барысында «Қазақстан Республикасының тіл туралы» Заңының баптарын негізге алу түсіндірілді.
Есепті мерзімде басқарма және «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласының әкімдігі, облыстық кәсіпкерлер Палатасымен бірлесіп, Тараз қаласының сауда және тамақтану орындарының өкілдерімен, жеке кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырды. Оған 26 шағын және орта бизнес өкілі қатысты. Кездесу барысында сауда және тамақтану орындарында халыққа қызмет көрсету кезінде азаматтар арасында тілдік негізде шиеленістер орын алдырмау керектігі, этнос өкілдерінің иеліктеріндегі сауда және тамақтану орындарында екі тілде қызмет көрсету, олардың маңдайшалары мен мәзірлері «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР заңдарының талаптарына сәйкес болу қажеттілігі түсіндірілді.
Кездесуге қатысушылар халыққа қызмет көрсету кезінде тұтынушы мен кәсіпкер арасында тілдік негізде шиеленістерге жол бермейтіндіктері туралы және халыққа қызмет көрсету кезінде әдептілік ережелерін сақтап, сыпайылық танытатындықтарын айтты.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан айына бір рет Тараз қаласы көшелеріндегі көрнекі ақпараттарды біріздендіру мақсатында рейдтер ұйымдастырылып, 6 көше, 1898 көрнекі ақпарар мен жарнамалар зерделеніп, 243 кемшілік анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлерге әдістемелік көмектер көрсетілді. Сондай-ақ, жарнама сауаттылығы бойынша оң пікір қалыптастыру мақсатында барлық аудандар мен Тараз қаласында әлеуметтік желілерде #ономастика хэштегі ашылып, ономастика саласында атқарылып жатқан жұмыстар жариялануда.
Материал Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша дайындалды