«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының тау қорықшылары бөлімшесінің тарихында алғаш рет жүк-көлік ротасының әскери қызметшілері 500 шақырымнан астам аумақты атпен жүріп өтті.
Тау қорықшылары бөлімшесі Қазақстан Құрлық әскерлерінің құрамындағы жалғыз бөлімше болып табылады. Егер осы уақытқа дейін жауынгерлік аттар қысқа өткелдер жасау, қару-жарақты полигонға жеткізу, әскери бөлімнің маңында рейдтер жасау үшін белсенді қолданылған болса, енді жүк-көлік ротасы әскери қызметшілерінің оқу-жауынгерлік даярлығы барысында атпен 500-ден астам шақырымға созылған маршты жүріп өту бірінші рет орын алып отыр.
Марш Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы әскери бөлімнің тұрақты орналасу пунктінен басталып, Мәтібұлақ полигонына дейін жалғасты. Ара қашықтықты жүріп өтуге шабандоздар мен олардың жауынгерлік достарына бір апта қажет болды.
Жол бойы рота оқу-жауынгерлік қызметке қатысты мәселелерді пысықтады. Осылайша, әскери қызметшілер лектің жауынгерлік күзетінде бір-бірін алмастырып, жергілікті жерге барлау жүргізіп және түнгі уақытта жауынгерлік кезекшілікті қамтамасыз етті.
Жүк-көлік ротасы ойлы-қырлы жерлермен жүріп өтті. Сондай-ақ, беткейлер мен жартастар, жазық дала мен өзен түріндегі кедергілерді де еңсерді. Жауынгерлік аттар тобы оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауды қамтамасыз ете отырып, жоспарлы бағдарды ойдағыдай жүзеге асырды. -Біз жай ғана марш жасап қойған жоқпыз, сонымен қатар жауынгерлік дағдыларымыз бен біліктіліктерімізді тексеріп, түрлі кедергілерді еңсердік.
Жеке құрам мол тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ, аттарымыздың мүмкіншіліктері мен қабілеттерін байқадық, — лейтенант Еркебұлан Дәулетбек жүк-көлік ротасы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары айтады.
Топ құрамына халықаралық армия ойындары шеңберіндегі «Аттар марафоны» конкурсына қатысқан тәжірибелі әскери қызметшілер кірді. «Мәтібұлақ» полигонында бірқатар жауынгерлік тапсырмаларды орындағаннан кейін жүк- көлік ротасы келген бағдарымен кері қайтады.
Тау қорықшылары бөлімшесінің қолбасшылығы осындай арақашықтықты атпен жүріп өту әскери қызметшілердің дағдыларын арттырып қана қоймай, болашақта осындай өткелдерден өтуді жоспарлауда таптырмас тәжірибе екенін атап өтті.