Жуалы ауданы Жетітөбе ауылдық округінің Тасбастау ауылында «Қуатты өңірлер» бағдарламасы аясында 15 келушіге арналған денсаулық нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тасбастау елді мекенінде тіркелген тұрғылықты халық саны 612 адамды құрайды. Аталған ғимараттың құрылысы халыққа қолжетімді, сапалы және дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету мақсатында салынды.
Ғимарат табиғи газбен қамтамасыз етілген. Аудан орталығынан 18 шақырым жерде орналасқан емдеу мекемесі тұрғындарға сапалы қызмет көрсету үшін арнайы жабдықтармен, тиісті құрал-саймандармен, электр қуаты арқылы арнайы жылытылатын пештермен қамтамасыз етілген.
ДСМ