• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Тараздың өз бренді болуы тиіс — Бердібек Сапарбаев

04.06.2020
0
Тараздың өз бренді болуы тиіс — Бердібек Сапарбаев
156
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Туризм саласындағы кадрлар тапшылығы, автожолдар сапасының нашарлығы, жол бойындағы сервис деңгейінің төмендігі секілді туризмнің дамуына кедергі келтіретін көптеген мәселелер облыс әкімдігінде өткен жиында жан-жақты сараланды.

Тарихы бай, ерекше мәдени-тарихи орындар мен табиғи ресурстарға ие бола тұра облысымыз әлі күнге дейін туризмді дамытуда бірқатар кедергілерді кешіруде. Өткен тарихы терең өңір алдында барша қазақстандықтар мен шетелдіктерді тартуға қабілетті қазіргі заманға лайық туризм индустриясын құру мәселесі тұр. Бұл туралы басқосу барысында аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев атап өтті.

Туризм басқармасы осы орайдағы мәселелерді шешу үшін туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын әзірлеуде.

Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың айтуынша, бұл бағытта бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бес тілде аудио және бейнегидтері бар «Taraz tour» мобильдік қосымшасындағы туристік нысандар санын 200-ге дейін арттыру көзделуде. Қазіргі таңда қосымшадан тек 37 нысанды табуға болады. Сондай-ақ жақында «Әулиеата» әуежайына Тараз туралы толық ақпар беретін smart-дүңгіршектер орнатылмақ.

Басқарма сонымен қатар аудио және видео нұсқаулығы бар екі қабатты автобусты іске қосуды жоспарлап отыр. Тараз әйгілі «2GIS» мобильді қосымшасына (сандық карта) қосылады. Бұл туристерге басқалардың көмегінсіз өздеріне керек жерлерді тауып, дұрыс бағыттағы автобусқа отыруға көмектеседі. 200 туристік нысанда QR-кодтары орнатылады.

Биыл Айша бибі, Қарахан, Бабажа-Хатун кесенелері, Керей мен Жәнібек ескерткіштері, Ақыртас және Тектұрмас этнотарихи кешені сияқты бес тарихи-мәдени нысандарда қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Этноауылдар салу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілетін болады.

Бүгінде  облыс бойынша тек жеті гид ресми тіркелген десек, салалық басқарма жыл соңына дейін олардың санын 50-ге жеткізуді көздеп отыр.

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың ректоры Махметғали Сарыбеков ЖОО-мен бірлесе жұмыс істеуді және «Туризм және сервис» кафедрасының түлектерін тартуды ұсынды.

Сонымен қатар Ғани Майлыбаев Әулиеата өңірі туралы түрлі аңыздарды зерттеп, сол арқылы саяхатшыларды қызықтыруға ниетті екендігін жеткізді.

Бұл мәселе бойынша Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Ержан Әмірбекұлы өзінің орамды ойын ортаға салды.

– Бұл бағыттағы зерттеулердің маңызы зор. Тараздың басқа қалалардан өзіндік ерекшелігін айқындау керек. Мәселен, біз Сарыағашқа емделу үшін, Түркістанға ұлы бабаларымыздың рухына тағзым ету үшін барамыз. Сол секілді Тараздың да өз ерекшелігі болуы керек, – деді ол.

Бердібек Сапарбаев Тараз қаласының мыңжылдықтар тоғысындағы шаһар екенін көрсететін өзіндік бренді керек екенін атап өтті.

 «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер бұл ішкі туризмнің дамуына септігін тигізеді деп санайды. Тараздың екі мың жылдық тарихы туралы барлық қазақстандықтар біле бермейді.

Ол көрші қалалар, соның ішінде ең алдымен Алматы арасында әуе рейстер ашуды ұсынды. Сонымен қатар балалар туризмі назардан тыс қалып отырғандығын алға тартқан Альбина Веймер жамбылдық оқушыларды тарихи орындарға апарып, таныстыруға ешкім аса ден қойып отырмағандығын айтты.

Бердібек Сапарбаев осы ретте білім басқармасына арнайы кесте түзіп, ауыл оқушылары үшін Тараз қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ мейрамханалар мен қонақ үйлер ассоциациясының төрайымы Айгүл Ақшалова өз ұсынысын білдірді. Оның айтуынша, егер жергілікті қызмет көрсету саласы сын көтермесе, туристерді дәмді тағамдардың food-фестивальдеріне тартуға болады.

Жиынды қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев тиісті мемлекеттік органдар, туристік компаниялар мен қауымдастықтар бірлесіп туризм индустриясының әлеуетін арттыру үшін жүйелі негізде жұмыс жүргізуі қажеттігін атап өтті.

– Өкінішке қарай мейрамханалар мен кафелерде қызмет көрсету деңгейі төмен, бұл  келушілердің сенімсіздігін тудырады. Жол бойындағы сервис те көңіл көншітпейді. Жоспарланған тоғыз сервистік кешеннің біреуі ғана Байзақ ауданында салынды. Қалған аудан әкімдері олардың құрылысын тезірек аяқтауды назарға алуы тиіс.

Облысымыздың қолайлы аймақта орналасқандығын ұтымды пайдаланбаймыз. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі біздің өңір арқылы өтеді.  Ол жолмен күн сайын мыңдаған көлік қатынайды. Отардан Жуалыға дейін Әулиеатаның қасиетті орындары туралы ақпараттар жазылған билбордтар орнату керек. Коронавирустық пандемия ішкі туризмнің дамуына үлкен мүмкіндіктер береді. Бұған дейін танымал болып келген шетелдік курорттар бұрынғыдай аса қызығушылық тудырмайды. Мұны ішкі туризмнің дамуына серпін сыйлау үшін тиімді пайдалана білген абзал, – деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 444,6 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

25.06.2025
Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте екінші орынға көтерілді

25.06.2025
Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

Тоқаев халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты

25.06.2025
Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

Германиялық компания Жамбылда зауыт салады

25.06.2025
Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

Руслан Берденовке жасалған шабуылға қатысты тергеу аяқталды

25.06.2025
Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

Армениядағы оқиғалар – бұл елдің ішкі ісі — СІМ

25.06.2025
Елімізде ҚДБ қаражаты есебінен 5 мың шақырым автожол жаңғыртылады

Жамбылда сараптама қорытындысы берілмей қаражаты толық аударылғандығы белгілі болды

25.06.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты