Қаланың Орталық алаңында оннан аса киіз үй тігіліп, ұлттық қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Келген қонақтарға наурыз көже, бауырсақ және түрлі ұлттық тағамдар ұсынылды.
Сондай-ақ, асық ату, арқан тарту, қазақ күресі сынды ұлттық спорт жарыстары өтіп, алтыбақан айналасында жастар мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысып, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
Мерекелік концертте «Жігіттер» квартеті, «Қоңыр» тобы және Қырғызстан Республикасының халық әртісі Саламат Садыкова өнер көрсетіп, көрермендерді әсем әнмен қуантты. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар да ұлттық ән-күйден шашу шашып, думанды кештің сәнін арттырды.
Суреттерді түсірген Алтынбек Қартабай