2022 жылғы 6 мамырда Тараз қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын насихаттау мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің балалар жылын жариялау туралы Жарлығы аясында облыстың Жас құтқарушы клубтары арасында жарыс өткізілді. Бірінші орын алған Команда Ақмола облысының Көкшетау қаласында өтетін Жас құтқарушы клубтарының республикалық слетіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жарысқа келесі командалар қатысты:
* №41 көпсалалы мектеп — гимназиядан екі команда қатысты;
* Талас ауданының «Барс» командасы;
* Жуалы ауданының «Жуалы қырандар» командасы;
* Жамбыл ауданының «Самсон» командасы.
№41 көпсалалы мектеп гимназиясының командалардың бірі 1- орынды иеленді.
Жамбыл ауданының «Самсон» командасы 2-орынды иеленді