Бүгін Тараз қаласындағы жеке тұрғын үйдің бірінде шатырдың жануы орын алды. Өрт 150 шаршы метр аумақта сөндірілді.
Үй иесі зардап шеккен жоқ. Өрт сөндірушілер жақын тұрған қарт әженің үйіне өрттің таралуына жол бермеді. Оған ТЖМ АМО қызметкерлерінің медициналық және ТЖД психологінің көмегі көрсетілді.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін дер кезінде сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды!
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі