Жамбыл облысы Байзақ оқиғасында жарақат алған төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірі ота жасатуға Түркияға кетті.
Жамбыл облысы Азаматтық қорғау майоры, ТЖД Кадр саясат басқармасының басшысы Алмаз Жұматаев Байзақ жарылысы кезінде жарақат алған қызметкерлердің жағадайы туралы айтып берді.
– Байзақ ауданында 26 тамызда болған оқиға, өрт артынан жарылыс оқиғасынан кейін 48 қызметкер әртүрлі жарақат алды. 10 адам қаза тапты. Сол 48 қызметкердің 8 қызметкері жұмысқа кірісті. 1 жыл сайын еңбек демалысына шығып тұрады.
Қазіргі уақытта қызметкелердің біреуі өз еркімен Қырғызстан елінде жарақатына байланысты ем алып жатыр. Бізде оған қажетті отаны жасайтын білікті маман табылмады. Сондықтан, Тұрсынов Алмас көзінің жарақатына байланысты Түркия еліне бара жатыр, – деді ТЖД басшысы.
Қырғызстан мен Түркияға кеткен қызметкерлер қор қаражатына емделуде.
– Бізде қайтыс болғандардың, жарақат алғандардың қоры бар. Қайтыс болғандардың отбасыларына 5 миллионнан аудардық. Бұл қорға тек Төтеншеліктер емес басқада мекемелер ішкі істер қызметкерлері, Ұлттық ұланның әскери бөлімдері солар көмегін көрсетті. Қанша қаражат жиналды соның барлығын қорға жіберді. Ол қорды министірдің өзі бақылап отырады.
Емделіп жатқан Еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары берілген Ішкі істер министірлігінің Жамбыл облысы бойынша полиция департаментінің госпитальында емделді. Аурухана мамандары дәргерлері әр қызметкерлерге жарақат алуына байланысты өз дәрежесі берілген. Солай Тұрсыновқа 5 миллион берілді, – деді ТЖД басшысы.
Жоғары алғандарға 900 мың теңгеден берілді. Орташа жарақат алғандарға 600 мың теңгеден, жеңіл жарақат алғандарға 300 мың теңгеден берілді. Жалпы 92400000 теңге үлестіріліп берілді.
Исламбек Дастан