Өйткені, осынау жоба шеңберінде сотты болған азаматтарға еркін өмірдегі құқықтары мен міндеттері кеңінен түсіндіріліп, олардың «екі қолға бір күрек» табуына жол ашылады. Сондай-ақ, жазасын өтеушілерге қайта қылмысқа бармауы жөнінде қатаң ескертіледі.
Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінен жаза мерзімінің аяқталуына байланысты алматылық азамат бостандыққа шықты. Бұл күні 54 жастағы ер адамды мекеме қақпасынан шығарып салу барысында оған «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында ҚАЖ қызметкерлері оған құқықтары мен міндеттерін нақты түсіндіріп өтті.
Айта кетейік, аталған азамат Қылмыстық Кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-ші тармағымен кінәлі деп танылып, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының шешімімен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.