Бұл күні тінту-тексеру жұмыстарына аталған мекеменің жедел тобының қызметкерлерімен қатар, желілік полиция бөліміне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері де жұмылдырылды.
Айта кетейік, сот шешіміне сәйкес кінәлі деп танылып, белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айырылған азаматтар өздерінің туған-туысын заңбұзушылыққа итермелегені дәлелденген жағдайда, олар тәртіптік жаза тартылады. Дәл сол секілді тыйым салынған заттарды беру арқылы жабық мекемедегі жақынына «жақсылық» жасауды көздейтін азаматтар да жазасыз қалмайды.