Шара басталмас бұрын мекеме қызметкерлері жазасын өтеушілердің туған-туыстарына тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл күні олар үшін мекеме аумағына арнайы экскурсия ұйымдастырылатынын жеткізді.
Осылайша, ҚАЖ қызметкерлерінің сүйемелдеуімен келушілер мекемедегі асхана, кітапхана мен жасақтарды аралауға мүмкіндік алды. Бұдан бөлек, олар мекеме әкімшілігіне өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды.
Айта кету керек, дәл осы мазмұндағы шаралар сотты болғандар арасында моральдық-психологиялық ахуалға оң әсерін тигізіп, туыстық байланысты арттыруға көмектеседі.