Тараздағы Арбат тұрғындары қиранды астында қалуы мүмкін

199
ҚАРАЛЫМ

Тараздағы Арбат тұрғындары қиранды астында қалуы мүмкін

Тараз қаласындағы жаңа «Арбат» деп аталатын жердегі бірнеше жатақхана бірден жүздеген адамның өміріне қатер төндіруде.  Себебі үйдің бір бөлігі құлау алдында тұр.

 

Сасық  және күлімсі иіске  тұрғындардың еті өле бастағандай.

Жатақханалардың біріне ерекше назар аудару керек. Ол 60-жылдары қатты кірпіштен салынған. Дегенмен ол да уақыт салған сызатқа төтеп бере алар емес. Қабырғалары құлап жатыр, кей үйдің кіреберістерінде баспалдақ та жоқ. Үйдің жалғыз кіреберісі айдың күннің аманында бомба түскендей.

 

Тараздағы Арбат тұрғындары қиранды астында қалуы мүмкін

Тұрғындардың айтуынша, мәселе  кәріздің әбден тозуына байланысты. Үнемі бітеле берген құбыр жиі жарылып кетеді екен. Жамай-жасқай шаршаған тұрғындар  енді өз беттерінше жөндеуге шамалары келмей, көмек сұрайды. Көзге ұрып тұрғаны – кіреберіс есіктері сынған, сылағы құлаған. Ең бастысы қабырғасы құлап қала жаздап, әрең  тұрған  үй миллиардтаған теңгеге салынған жаңа Арбатта орналасқан.

Арайлы Арбат тұрғындарының арманы

Тұрғындар тыныш өмірлерін  бұзған  кәріз құбыры баяғыда жарылғанын айтады. Тағы бір  айта кететін жайт: жатақхананың  әр қабатында  бір ғана ортақ дәретхана бар. Бұл үйде негізінен көп балалы отбасылар мен аз қамтылған адамдар тұрады.

— Бұл иіс біздің бас ауруымызға  айналды. Соңғы рет құбыр үшінші қабатта жарылды. Барлық жерді,  тіпті кейбір пәтерлерді су басқан. Салдарынан үйдің әжетханасы мен жуынатын бөлмелері дымданып, құлағалы тұр, – дейді Батыр Ергешов.

Тараздағы Арбат тұрғындары қиранды астында қалуы мүмкін

Ең сұмдығы қолқаны алар жаман иіс жатақханаға түгел  тарайды. Адамдар жиі ауыратынын айтады. Олар осы мәселе бойынша үнемі әкімдікке жүгінеді. Бірақ олардың айтуынша, әкімдіктен ешқашан түсінікті жауап болмаған.

Шенеуніктер қалғымайды

Қала әкімдігі жатақханадағы (ресми түрде бұл тұрғын үй) барлығы 133 бөлмелі-пәтер жекешелендірілгенін түсіндірді. Заңға сәйкес, жалға алушылар ортақ мүлкін өздері күтіп-баптап, өздері жөндеуі тиіс. Олардың пайымдауынша,  үйлерінің мүшкіл халіне тұрғындардың өздері кінәлі.

 «Үйді тексеру кезінде дәретханалар дұрыс пайдаланылмағаны анықталды. Тұрғындар тұрмыстық және азық-түлік қалдықтарын тастап, кәріз құбырларын істен шығарған. Салдарынан кәріз құбырына құйылған су қабырға бойымен ағып, кірпіштері опырылып кеткен»  деп нақтылады әкімдіктегілер.

Дегенмен  екі жыл бұрын шенеуніктер бюджеттен 19 миллион теңгеге жуық қаржы бөліп, шатырға, кәріз бен әжетханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жылу құбырларын жаңартқан. Сонымен қатар олар  үйдің сейсмикалық зерттеуін де жасаған, оған сәйкес үйдің негізгі  тіреуіш құрылымдарын  нығайту қажет. Сейсмикалық күшейтудің сметалық құны 64 335 981 теңге болған. Әкімдіктегілер қазір үйді жөндеуге тендер өтіп жатыр, содан кейін жөндеу жұмыстары басталады деп сендірді.

Дереккөз:  orda.kz 

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы