Аталған туындының сюжетінде бүгінгі қоғамның басты мәселесі – ерлі-зайыптылардың ажырасуының салдары ұлт келешегіне қатер төндіретін жайт екені баяндалады. Жалпы, фильмде отбасылық құндылықтар өз деңгейінде дәріптеліп, ажырасудың еліміздің демографиясына тигізер залалы шебер суреттеледі.
Өз кезегінде сотты болғандар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, отбасын сақтаудың маңыздылығы жөнінде әңгіме өрбітті.