Тараз гарнизонында мерзімді әскери қызметі аяқталған байланыс полкінің сарбаздарын үйлеріне салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді.
Іс-шара барысында сарбаздарға құрмет көрсетіліп, естелік сыйлықтар мен грамоталар табыс етілді. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінде борышын абыроймен, мінсіз өтеген сарбаздарды жауынгерлік дәстүрге сәйкес шығарып салу қалыптасқан.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі