ТЖМ өрт сөндірушілері ел бойынша жеке тұрғын сектор аумағында 5 өртін сөндірді.
Тараз қаласы жеке тұрғын үйдің ауласында 20 ш.м. алаңда жеңіл автокөлікте өрт орын алып, шаруашылық құрылысына ауысты;
Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде жеке тұрғын үй аумағында 75 ш.м. алаңда шаруашылық құрылыстың жануы орын алды;
Атырау қаласы жеке тұрғын үйдің аумағында 36 ш. м. алаңда шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды;
Жамбыл облысы Степное ауылының Қордай ауданында жеке тұрғын үйдің аумағында 150 ш.м. аумақта шаруашылық құрылысынында өрт орын алып, көрші тұрған үйдің қорасына ауысты;
Абай облысы Қоянбай ауылының Бесқарағай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында 450 ш. м. алаңда шаруашылық құрылысының өртенуі орын алды. ТЖМ күштері барлық өрттерді сөндірді, зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
ТЖМ баспасөз қызметі