14 қазан күні асыл тұқымды малы бар-жоғын тексерместен шаруақожалыққа ірі көлемде субсидия бөліп берген Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің басшысына қатысты сот болды. Тараз қалалық №2 сотының судьясы Алтыншаш Қорабаеваның төрағалығымен өткен сот ісінде үш адамға жаза тағайындалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Айыпталушы «Б» есімді мемлекеттік қызметкерге қатысты сот үкімі шықты. Оған Қылмыстық кодекстің 190 бабы, 4 бөлігі 2 тармағы, 218 баптың 3 бөлігі 1 тармағы, 364 баптың 1 бөлігі бойынша Қылмыстық кодекстің 55 баптың 4 бөлігін қолдана 7 жыл бас бостандығынанан шектеу жазасы үкім етілді. 218 баптың 3 бөлігі 1 тармағы бойынша кінәсіз деп танылды. Мемлекетке келтірілген аса ірі мөлшердегі материалдық залал толық көлемде өтелгенін, жас балаларының болуы, бұрын сотталмағандарын, бірінші рет қылмыс жасағандарын, жұмыс орнынан және тұрғылықты жерінен ұнамды мінездемелерін ерекше мән жайлар деп танылып, Қылмыстық кодекстің 55 бабы 4 бөлігі қолданылды
Қылмыстық кодекстің 190 бабы 4 бөлігінің 2 тармағымен іске қатысы бар деген мемлекеттік қызметкердің күйеуі 6 жыл, күйеуінің досы 5 жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Айыпталушының күйеуі қамаудан босатылды.
Айыпталушының көпбалалы ана екенін ескеріп, сот шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдаған. Субсидияны заңсыз алған шаруақожалығы қаражатты қайтарған.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.