Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында іс-шаралар ұйымдастырды.
Полицейлер мен студенттер нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы талқылады.
Полиция департаментінің кинологиялық қызметі «Лоя» және «Бава» атты қызметтік-іздестіру иттерінің есірткі заттарын тауып, қылмыскерлерді ұстай алатындығын көрсете отырып қойылым көрсетті.
— Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарға есірткі заттарын тарату жолында қуатты тосқауыл қоюды тапсырды. Ол үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: есірткінің зияны туралы әңгімелер жүргізілуде, балаларда спортпен шұғылдану әдеті қалыптасуда, ал полицейлер есірткінің таралуына қарсы әрекет етуде, — деп атап өтті облыс Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ол есірткіге қарсы насихат тақырыбындағы іс-шаралар облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінің Медиа-жоспарларына, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізілгенін айтты.
Полицейлер, қоғам өкілдері, дәрігерлер халықты осы жалпы проблемадан аулақ болуға үнемі шақырады. Есірткіні қолдану және тарату туралы кез келген қолда бар ақпаратты «Narko Shekteu Taraz» Telegram-боты арқылы хабарлауға болады. Анонимділікке кепілдік беріледі. Таразда есірткіге қарсы акцияға 250 студент қатысты
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 250-ден астам студентті қамтыған “Есірткісіз болашақ» акциясы өтті.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында іс-шаралар ұйымдастырды.
Полицейлер мен студенттер нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаларды, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы талқылады.
Полиция департаментінің кинологиялық қызметі «Лоя» және «Бава» атты қызметтік-іздестіру иттерінің есірткі заттарын тауып, қылмыскерлерді ұстай алатындығын көрсете отырып қойылым көрсетті.
— Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің азаматтарымызға, әсіресе жастарға есірткі заттарын тарату жолында қуатты тосқауыл қоюды тапсырды. Ол үшін бірнеше бағыт бойынша жұмыс жүргізілуде: есірткінің зияны туралы әңгімелер жүргізілуде, балаларда спортпен шұғылдану әдеті қалыптасуда, ал полицейлер есірткінің таралуына қарсы әрекет етуде, — деп атап өтті облыс Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Ол есірткіге қарсы насихат тақырыбындағы іс-шаралар облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінің Медиа-жоспарларына, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына енгізілгенін айтты.
Полицейлер, қоғам өкілдері, дәрігерлер халықты осы жалпы проблемадан аулақ болуға үнемі шақырады. Есірткіні қолдану және тарату туралы кез келген қолда бар ақпаратты «Narko Shekteu Taraz» Telegram-боты арқылы хабарлауға болады. Анонимділікке кепілдік беріледі.