Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарға ескерту жасады.
Құрметті ата-аналар, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; Москит торлары құлаудан қорғамайды; Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз. Балаларға қамқорлық жасаңыз! Біз үшін әрбір өмір маңызды!, — делінген хабарламада.
Бұған дейін тағы бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады. Оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында орын алды. Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды.
ТЖМ баспасөз қызметі