Тараздағы базарлардың бірінде өрт шықты.
Өртсөндірушілер қоймадағы өртті сөндіріп жатыр.
«Таразда, Мәмбет батыр көшесінің бойында «Омар ата» базарының аумағында 350 шаршы метр алаңда қойма үй-жайы өртеніп жатыр. Себебі анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
Сағат 10.05-те өрт оқшауланған. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамның 40-қа жуық адамы және 13 техника жұмылдырылғаны айтылды.