Олардың бірі – Шу ауданынан түскен 63 жастағы әйел. Жедел калькуляциялық холецистит диагнозы қойылған ол бірнеше күннен бері дерті жанын шыдатпай, әбден мазалаған соң, қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізіледі. Қазақстан эндоскопиялық хирургтар ассоциациясының Президенті, профессор, медицина ғылымдарының докторы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Владимир Котлобовскийдің басшылығымен жасалған отадан соң, бірер сағаттан кейін-ақ өзіне келіп, өзіне денсаулық сыйлаған дәрігерге алғысын жаудырған паценттің қуанышында шек жоқ.
Облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі