Әсіресе, бірінші кезекте көлік қозғалысы көп, талай жылдан бері жөндеу көрмеген жолдарға баса мән берілуде. Солардың бірі – Қаныш Сәтбаев атындағы көше.
Қойгелді көшесі мен Жамбыл даңғылы аралығындағы жол жөндеу жұмыстарына 10 техника, 30-ға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Мұнда қазір жол негіздемесі дайындалып, жол жиегіне бордюрлар қойылуда. «Арайстройгруп» ЖШС мердігерлігімен қолға алынып жатқан жол ұзындығы бес жүз метрге жуық.
Жалпы, аталған аумақта «Нұралы» базары орналасқаны баршаға белгілі. Жол құрылыс
жұмыстарына байланысты қазір аталмыш базар қайта жаңғыртылып, заманауи киоскілер
орнатылды.
Соның нәтижесінде жол ауқымы ұлғайып, кең көлік тұрағының ашылуына мүмкіндік
жасалды. Алдағы уақытта қалған сауда киоскілері де жаңаша кейіпке еніп, артқа шегеріледі. Бұл
тұрғындардың көптен бергі тілегі болатын.