• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

Таразда «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті

17.11.2021
0
Таразда «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы өтті
403
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тебетеді» деген тағылымды тәмсіл қазақ әйелінің қадір-қасиетін, жоғары бағасын айшықтап тұрғандай.

 «Анаға тағзым»  республикалық аналар форумының ашылуында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осылай деп, ҚР мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шара «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген құрметті қонақтар–еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдениет, спорт, бизнес, білім мен ғылымның дамуына үлес қосып жүрген әйелдер, танымал нәзік жандылар, көп балалы аналар қатысты.

Аймақ басшысы жуырда ғана Тараз қаласында бой көтерген «Анаға тағзым» орталығы қазақ халқының салт-дәстүрін ескере отыра әйелдің отбасындағы рөлін күшейтуге, болашақ аналарды тәрбиелеуге бағытталатынын жеткізді.

Форум басталмас бұрын кешенді аралап, танысқан қонақтар да қолға алынып жатқан игі жұмыстарға оң бағасын берді.

— Бүгінгі «Анаға тағзым» форумы сұлулық пен ізгіліктің бейнесі саналып, сондай-ақ, тұтас еліміздің дамуына ұйытқы болар Қазақтың анасы деген атқа лайық, XXI ғасыр әйелінің қалыптасуына өз үлесін тигізеді деп ойлаймын.

 Қазақта «Әке ұлды тәрбиелейді, ана тұтас ұлтты тәрбиелейді» деген қанатты сөз бар. Расында, ана баласына берген тәрбиесі арқылы болашақтың қалыптасуына да ықпал етеді.

—      Сіздер еліміздің дамуы мен өркендеуіне, қоғамдық-саяси және рухани әлеуетін іске асыруға белсенді атсалысып келесіздер. Қазіргі кезде біздің облысымызда 36 629 аса көпбалалы ана бар болса, оның 19 212-і «Алтын» және «Күміс» алқа иегерлері. Атамекен кәсіпкерлік палатасы жанынан құрылған «Іскер әйелдер» кеңесіне 25-тен астам кәсіпкер әйелдер мүшелік етуде. Облыстық депутаттық корпусының –33 — пайызын әйел-азаматшалар құрайды.

Қазақтың осындай мықты арулары барда елдің ертеңіне деген сеніміміз арта түсетіні сөзсіз,- деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң сөз  алған  Қазақстан халқы Ассамблеясы Республикалық аналар кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Нәзипа Шанаи да өз ойын ортаға салды. Шараның маңыздылығын тілге тиек етіп,  ана мен баланы қолдау, отбасылық құндылықтарды нығайту және дамыту – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі екендігін баса айтты.

—      Әйелдің басты миссиясы – дүниеге ұрпақ әкелу. Ұяда бала не көрсе, үлкен өмірге қанат қағып ұшқанда соны істейді. Бала тәрбиесінде ананың рөлін айтып жеткізу мүмкін емес,-деді Н. Шанаи.

Қоғам қайраткері, мелекетттік тілдің жанашыры Асылы Әлиқызы Осман ұрпақ тәрбиесі тақырыбында сөз қозғады.

– Бүгінгі өтіп жатқан форумның ерекше мәні бар. Дәл осы қоғамда қазақтың бойына біткен асыл қасиеттері бізден алшақтап бара жатыр. Сол алшақтықтың орнын толтыруға аналар үлкен үлес қосады. Тәлім-тәрбие ананың ақ сүтімен, бесік жырымен баланың бойына дариды.  Ұлы тұлғаларда  ақ жаулықты аналардың тәлімін алады. Менің пайымымша, бүгінгі қоғамда ең алдымен тәрбиеге басымдық беру қажет. Ол – ұлттық тәрбие болуы тиіс. Яғни, білім – әлемдік, тәрбие – ұлттық болғаны жөн. Қазақтың білімі де, білігі де асып тұр.

Мемлекет және қоғам қайраткері, «Үш байлық» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Оразкүл Асанғазықызы – Атадан — өсиет, анадан —  қасиет деген аталы сөз бар. Өне бойы даналыққа, ақылы дариядай ата-әжелеріміз  әрбір шаңырақта, өңірде бар. Қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтаған жанұялар да жетерлік. Біз сол отбасыларды, қарияларымызды  қоғамға, жастарға насихаттауымыз тиіс – деп атап өтті.

  Бұдан соң, ақын, Мемлекеттік сыйлық иегері Ақұштап Бақтыгереева, ҚР Әйелдер күштері және Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Түркия елінен арнайы келген Бурса аймағындағы ауыл әйелдері қауымдастығының төрайымы Сермин Чакалыоглу, белгілі этнодизайнер, «Алтын орда» дизайн үйінің негізін қалаушы Ырза Тұрсынзада, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінің ректоры Гүлмира Қанай, белсендісі, көпбалалы ана Алтын Каникар және тағы басқалар сөз алып, ой-ұсыныстарын білдірді.

  Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев айтылған барлық ұсыныстар назарға алынатынын айтты.




Бұдан бөлек, «Анаға тағзым» жобасы құрылысын жүзеге асырған кәсіпкер-меценат «Арайстроймаркет-2003» компаниялар тобының басшысы Арман Еділбаев пен Тенис және гимнастика орталығын салып берген кәсіпкер, «ТаразСтрой2004» ЖШС басшысы Мейірбек Жүнісовті марапаттады.

«Анаға тағзым» орталығының директоры Эльмира Мырза-Ғали форумның қорытынды Үндеуін оқыды. Форум жұмысы төрт секция бойынша жалғасып, соңы «Сіңліге сыр» атты поэзия кешіне ұласты.

Тегтер: FORUMАнаға тағзымЖамбылТараз
  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

Мектептерде тамақтанудың жаңа стандарты 1 қыркүйектен бастап енгізіледі

20.05.2025
Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Математикадан республикалық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

20.05.2025
Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

Таза Қазақстан: 89 мыңнан аса жамбылдық экологиялық акцияға үлес қосты

20.05.2025
Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

Жамбыл Қазақстандағы инвестиция көлемі бойынша рейтингте көш бастады

20.05.2025
Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

Алматы облысында PepsiCo компаниясының зауыты салынады

20.05.2025
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрімен келіссөз жүргізді 

20.05.2025
Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

Шығанақ орта мектебінің оқушылары облыстық гранд финалға жолдамаға ие болды

20.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты