Білім саласында 2023 жылы жалпы құны 13,2 млрд. теңгеге 8 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланған. 15 мөлтек ауданында 1200 орынды мектептің және №6 орта мектептің спорт залына жапсарлас ғимаратының құрылысы аяқталды. Қалған 6 мектептің құрылыстары жүргізілуде. Сондай-ақ №15 орта мектебіне 300 орынды жапсарлас ғимаратының құрылысына 1,0 млрд. теңге қаржы қарастырылды.
Спорт саласында 2023 жылы даму картасында жоспарланған «Құмшағал» тұрғын алқабында спорт кешеніел игілігіне пайдалануға берілді. Бұл жобаға қалалық бюджеттен 485 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ 130 млн. теңгеге 5 спорт алаңшалары салынды.
Ағымдағы жылы 15 мөлтек ауданынан спорт кешенінің құрылысын салуға ЖСҚ әзірленуде. Сондай-ақ, 225 млн. теңгеге 9 спорт алаңшаларын салу жоспарлануда.
Жұмыспен қамту саласында 2023 жылы жеке, бюджеттік инвестициялық жобалардың және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар аясында 10 596 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса,оған 15204 адам тартылды. Оның 6320уақытша жұмыс орындары және 8884 тұрақты жұмыс орындары.
Биыл 14 372 адамдыжұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланған.
Мәдениет саласында Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті, «Көне қамал» кешенінің үшінші кезеңі іске асырылады.Туризмді дамыту бағытында Тараз қаласы дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне енді. Бүгінде қалада 76 қолөнершілер 8 бағыт бойынша жұмыс істейді. Алдағы кезеңде Қолөнер орталығын ашу жоспарлануда.