Салтанаттышараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, ардагерлеркеңесінің мүшелері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.Алғашқы болып сөз алған Абдалы Тоқбергенұлы көпшіліктіқуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін қала әкімі ізгітілегін жеткізді.
– Соңғы онжылдықтың бедерінде Тараз қаласында жаңаықшам аудандар бой көтеріп, тұрғын үй саны арта түсті. Жалпы, соңғы 4 жыл көлемінде Тараз қаласы бойынша 5 800 пәтер берілсе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы 3 844 азамат баспаналы болды. Ал пәтер кезегінде тұрған азаматтар 1 956 пәтерге қол жеткізді. Сондай-ақ ағымдағыжылы қала аумағында 42 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл қорытындысымен 2 820 пәтерлі тұрғын үйдіпайдалануға беру жоспарлануда. Бұл үрдіс алдағы уақыттада үзілмей жалғасын табады, – деген шаһар басшысы«Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспанаға қол жеткізген пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстады. Келесі кезекте облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, «Отбасы банк» АҚ Басқарматөрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтар лебіздерлегін жалғап, ақжарма ниеттерін жолдады.
Жалпы 2019-2022 жылдар аралығында өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 1 154 отбасы жаңабаспанаға ие болған. Сонымен қатар биылғы жылдың соңына дейін жаңа тұжырымдама бойынша 1 040 пәтерге 16 нысанды іске асыру жоспарлануда.