2021 жылдың 6 сәуірінде Тараз қаласының тұрғыны полицияға ұрлық туралы шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, оған таныс емес ер адам қаланың шағын аудандарының бірінде орналасқан дүкеннен 8 жұп күннен қорғайтын көзілдірік ұрлаған.
Полиция қызметкерлері оқиға орнындағы бейнебақылау камералары арқылы осы шағын ауданның 46 жастағы тұрғынын күдікті ретінде анықтап, ұстады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті адам кінәсін толық мойындады.