Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Жағыпар Исатаев айтты.
Ағымдағы жылдың 10 айында Тараз, Шу қалаларында 3 заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру деректері анықталды.
Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, 2 қылмыстық іс сотқа жолданды.
Заңға қайшы контенті бар 744 сілтеме бұғатталды.
Жамбыл облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі