Бұрын ТОЖҚҚ-дағы (тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары) жұмыс параметрлерін есептеу, (ТОЖҚҚ) жұмысы өлшемелеріне есептеу жүргізу әдістемесі негізінде қолмен жүргізілетін. Кейінірек есептеулерді тездету үшін экспонометр деп аталатын құрылғы жасалды. Алайда, құрылғылардың ескі үлгілері олардың тиімсіздігіне байланысты танымал бола алмады.
Бүгінгі таңда ҚР ТЖМ Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Тараз қаласы № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау майоры Ертай Құрманбекұлы Раимбеков және газ-түтіннен қорғау қызметінің аға шебері азаматтық қорғау старшинасы Медет Талғатбекұлы Таукебаев өлшеу құрылғыларының ескі үлгілері негізінде жаңа жетілдірілген экспонометр үлгісін әзірледі.
ТОЖҚҚ-дағы жұмыс параметрлерін есептеуді жүргізу құрылғысын жетілдірген қызметкерлер өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу саласындағы тәжірибелі мамандар болып табылады. Тәлімгер бола отырып, олар өздерінің көп жылдық тәжірибелерімен азаматтық қорғау органдарының жаңа қызметкерлерімен бөліседі. Экспонометрді жетілдіру жөніндегі жұмысты жүргізудегі олардың басты мақсаты ең алдымен тыныс алуға жарамсыз ортада азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің неғұрлым қауіпсіз жұмысы үшін жағдай жасау болды.
Бұл экспонометр ТОЖҚҚ жұмысы өлшемелеріне есептеу жүргізу әдістемесне сәйкес тыныс алуға жарамсыз ортада газ-түтіннен қорғау қызметі (ГТҚҚ) звеносының жалпы жұмыс уақытын анықтау; тыныс алуға жарамсыз аймақтан ГТҚҚ звеносының қайта оралуын күтілетін қайту уақытын анықтау; тыныс алуға жарамсыз ортада жұмысты орындауды тоқтатуға және таза ауаға шығу қажеттілігі туындаған кездегі ТОЖҚҚ баллонындағы ауаның (оттегі) бақылаудағы қысымын анықтау; өрт ошағындағы ГТҚҚ звеносы жұмыс уақытын анықтау сияқты барлық қажетті есептеулерді қамтиды.
Жаңа экспонометр заманауи сығылған ауа құрылғыларына арналған. ПВХ материалынан жасалған, бұл құрылғыға жоғары беріктік, суға төзімділік, төмен температураға төзімділік және т.б. Құрылғы жылдам және дәл есептеулер жүргізеді, ықшамдылығына байланысты қолдануға ыңғайлы, шағылысатын жапсырма жапыстырылғандықтан оны түнде де қолдану өте ыңғайлы. Қазіргі уақытта жаңа үлгідегі экспонометр Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімшелерінің жарақтарында бар және практикада тиімді пайдалануда.
Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Қоғаммен байланыс тобы