• БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Қазақша
Русский
Кері байланыс
TURANINFO.KZ
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • СПОРТ
  • ВИДЕОБЛОГ
No Result
View All Result
TURANINFO.KZ
No Result
View All Result
Басты бет Облыс жаңалықтары

«ТАРАЗ-АРЕНАДА» БІР КҮНДЕ 2500 СПОРТШЫ ЖАТТЫҒА АЛАДЫ

14.11.2018
0
«ТАРАЗ-АРЕНАДА» БІР КҮНДЕ 2500 СПОРТШЫ ЖАТТЫҒА АЛАДЫ

????????????????????????????????????

347
ҚАРАЛЫМ
FacebookTwitter

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында ШЖҚ МКК «Тараз-Арена» спорт сарайының директоры Нұрлан Саурықовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Нұрлан Байұзақұлы «Тараз-Арена» спорт сарайының 2018 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары» туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Облысымызда дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың денсаулығын нығайту, жастарды рухани тәрбиелеу, саламатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық-спорттық жарыстарды ұйымдастырып өткізу бағытында «Тараз-Арена» спорт сарайы бірқатар іс-шаралар атқарды.
«Тараз-Арена» спорт сарайының алғашқы қазығы 2011 жылдың 30 мамырында қағылды. Құрылысқа жалпы құны 5 млрд. теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Спорт сарайы 2013 жылдың қыркүйек айында халық игілігіне пайдалануға берілді.
Жалпы жер телімінің көлемі – 8 гектарға жуық, спорт сарайының жалпы көлемі – 25144 м2, спорт алаңшаларының ауданы – 17709 м2.
Жалпы спорт залдарының саны – 12 (әмбебап зал, кіші спорт зал, ауыр атлетика залы, тренажер залы, бокс залы, грек-рим және еркін күрес залы, үстел теннисі залы, таеквондо залы, дзюдо залы, спорттық би залы, тир, жүзу бассейні).
Сонымен қатар, медициналық арнайы кабинет бар. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
Барлық спорт залдары арнайы қажетті заманауи стандартқа сай спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған.
Ақылы қызмет көрсететін спорттық жайлардың баға прейскуранты Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы тарапынан бекітіледі.
Спорт кешенінің бес ауысымдағы өткізу қаблеттілігі, сыртқы алаңдарды қосқанда 15 спорт түрімен 2500-ға тарта спортшы бір күнде спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады.
Спорт сарайының мекншік иесі «Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болса, басқарып отырған мекеме «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Спорт сарайының жалпы функциональдық мақсаты: спорт түрлері бойынша республикалық, халықаралық деңгейдегі жарыстарды, оқу-жаттығу жиындарын және жаттығу процесін өткізу болып табылады.
«Тараз-Арена» спорт сарайында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауында тұрғындардың 30 пайызын жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту және 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында барлық спорт нысандарына тұрғындардың қолжетімділігі жөніндегі тапсырмаларды орындау барысында 2018 жылдың 10 айында келесі жұмыстар атқарылды.
Облыстық спорт басқармасына қарасты 12 спорттық мекемесінің спортшылары «Тараз-Арена» спорт сарайының спорттық жайларында спорттың (жүзу, су добы, заманауи бессайыс, волейбол, баскетбол, қол күресі, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, үстел теннисі, таеквондо, дзюдо, оқ ату, көгалдағы хоккей) түрлерімен тегін айналысады. Мекемелердің жаттығу кестесі «Тараз-Арена» спорт сарайының директорымен арнайы бекітіліп, әр залға ілінген.
Әмбебап залы мен кіші спорт залын жыл басынан 20-ға жуық түрлі мекемелер (әр айда өзгеріп отырады) спорттың кіші футбол, волейбол түрлерімен айналысу үшін ақылы түрде пайдаланады. Бұл негізінен спорт сарайының қыс маусымындағы табыс көзі болып табылады.
10 айдың қорытындысы бойынша 29 жасқа дейінгі 3207 адам, 30 жастан жоғары 4779 адам спорт сарайының (бассейн, тренажер залы) ақылы қызметтерін пайдаланып, жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданған.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылдың 14 мамырдағы №178 «Мүгедектерді қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі, көпбалалы отбасынан шыққан мектеп жасындағы 712 оқушы бала бүгін күнге бассейнді тегін пайдаланса, Қазақстан Республикасының «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» туралы Заңына сай І, ІІ топтағы және бала кезден мүгедек 106 адам бассейнді, 27 адам тренажер залын тегін пайдалануда.
7 жасқа дейінгі балаларға тегін келу ата-аналары залдарға кіруге қажетті ақылы қызметтті пайдаланғанда рұқсат беріледі.
Сондай-ақ министрдің бұйрығына сай мектеп оқушылары, орта және жоғарғы оқу орнының студенттері, барлық санаттағы зейнеткерлер спорт сарайы спорттық жайларының баға құнын 50 пайыздық жеңілдіктер арқылы пайдаланады.
Ал, жалпы тұрғындарға «Тараз-Арена» спорт сарайы ұжымы тарапынан қаңтар айында тренажер залы мен бассейннің жылдық абонменттеріне ал, маусым айында жартыжылдық абонементтерге 50 пайыздық жеңілдік жасалады.
Білім, медицина, спорт саласының қызметкерлеріне жылдың кез келген уақытында жұмыс орнынан анықтама алып келген жағдайда, жартыжылдық, жылдық абонменттерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
2. «Тараз-Арена» спорт сарайында өткізілген бұқаралық — спорттық іс-шаралар
2018 жылдың 9 айында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, спорт түрлері бойынша федерациялар мен спорттық клубтар сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және тағы басқа ұйымдармен бірлесе отырып, спорт түрлері бойынша халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде 19493 спортшының қатысуымен — 83 бұқаралық-спорттық іс-шаралар (оның ішінде: ақылы түрде – 29 іс-шара 7664 адамның қатысуымен, ақысыз тегін түрде 54 іс-шара 11829 адамның қатысуымен) және 141 спортшының қатысуымен 8 оқу-жаттығу жиындары өткізілді.
Спорт сарайында спортшылардың спортпен шұғылдануына толық жағдай жасалған. Мысалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнайы пандустар орнатылған, зағип жандарға татильді жолдар, сипап сезу тақтайшалары жасалған, әжетханалар мен жуыну бөлмелері қайта жабдықталған. Жоғарғы қабаттарға көтерілу үшін лифт жұмыс жасайды.
Осындай қолайлы жағдайлардың нәтижесінде «Тараз-Арена» спорт сарайында жаттығатын облыс спортшылары жоғарғы жетістіктерге жетіп жүр. Риода өткен Параолимдиада ойындарының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Зульфия Габидуллинаның жеңісі спорт сарайының спортшыларға жасап отырған бүгінгі таңдағы мүмкіндігіне толықтай дәлел бола алады.
«Тараз-Арена» спорт сарайында 2014-2018 жылдар аралығында өткен ірі республикалық, халықаралық деңгейдегі бұқаралық-спорттық іс-шаралар:
Қазақ күресінен 3 рет «Евразия Барысы» халықаралық турнирі (2013, 2014, 2015) 10 мемлекет;
Динамикалық бильярдтан ерлер арасындағы Әлем чемпионаты (2015 ж) 53 мемлекет;
Волейболдан ерлер арасындағы Әлем лигасы (2015) 4 мемлекет;
Еркін күрестен жыл сайынғы дәстүрлі Мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы халықаралық турнир (2013-2018 ж) 8 мемлекет;
Дзюдодан жыл сайынғы дәстүрлі КСРО спорт шебері Б.Ташметовты еске алуға арналған арасындағы халықаралық турнир (2013-2018 ж) 4 мемлекет;
Бокстан «Астана Арланс» кәсіпқой спорт клубының кездесулері Ресей, Қытай (2016, 2018 ж);
Қол күресінен Азия Кубогы (2015, 2017 ж) 12 мемлекет;
Спорт түрлері бойынша барлық жас ерекшеліктерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары (дәстүрлі түрде). ҚР барлық облыстары.

  • Маңызды
  • Пікірлер
  • Соңғы
Туған жер – алтын бесігім

Туған жер – алтын бесігім

14.08.2017
Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

Ораза-2024 кестесі. Ауызашар, ауыз бекіту уақыты

11.03.2024
Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

Үйдегі бәле-жаладан мына дұғалар қорғайды

05.12.2017
Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында  Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

Таразда денсаулық сақтау саласы қызметкерлері арасында Ұлт жоспарының жүзеге асырылу барысы талқыланды

14.08.2017
СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗШЕ КЕРІ БАЙЛАНЫС ОРНАТА АЛҒАН ҚАЙ МЕКЕМЕЛЕР?

26.03.2020
Жамбыл облысында төрт блок-бекеті орнатылды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ ТІРКЕЛДІ

24.03.2020
ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ. СОТ ҮКІМІ ШЫҒУДА… (жаңартылуда)

13.07.2021
История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

История о том, как 3 сотрудника Tele2 создали популярное мобильное приложение

6
6 000 000 теңгеге айыпталды

6400 теңге үшін 4 жылға сотталды

5
Шу ауданындағы күрделі мәселе

Шу ауданындағы күрделі мәселе

3
ӘКІМДЕРДІҢ ОРТА ЖАСЫ ҚАНДАЙ?

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. ӘКІМДЕР РЕЙТИНГІСІ

3
28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні  Таразда

28-і Универсиада алауы 28 қаңтар күні Таразда

2
2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2017 жылдың «Жыл журналисі» кім болды?

2
1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1 наурыз «Нұр Отан» партиясының құрылған күні

1
Қазақстанда аптап ыстық болады

Қазақстанда 44 градусқа дейін ыстық болады

12.05.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

12.05.2025
Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

Жамбыл, Түркістан, Абай облыстарында көрсеткіштері жоғары

12.05.2025
Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

Мемлекет басшысы анасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті

11.05.2025
Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

Халықаралық жарыста қазақ спортшылары топ жарды!

11.05.2025
Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

Халықаралық турнирдің қола жүлдегері!

11.05.2025
Жас палуанның жарқын жеңісі!

Жас палуанның жарқын жеңісі!

11.05.2025
  • БІЗ ТУРАЛЫ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
Тел: +7 (707) 550 04 70
Email: turaninfo.kz@gmail.com

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты


No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Азаматтық қоғам
  • Денсаулық
  • Мәдениет
  • Жаңалықтар
    • Қоғам
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Облыс жаңалықтары
    • Өңір тынысы
    • Қала жаңалықтары
    • Аудан жаңалықтары
    • Басшылар рейтингісі
    • Аналитикалық жаңалықтар
    • Абырой
  • Спорт
  • Видеоблог
  • Қазақша
  • Русский

© 2016-2025. «Turaninfo.kz» ақпарат агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 
2018 жылы 19 наурызда тіркеліп, № 16981- ИА  куәлігі берілген.
Сайт материалдарын көшіріп жариялаған жағдайда "Turaninfo.kz" ақпарат агентігіне сілтеме берілуі тиіс.
Құпиялылық саясаты