Ұлт денсаулығы және бұқаралық спортты дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады.
Осыған орай 28.05.2022 жылы Тараз қаласы прокуратурасымен белсенді отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бос уақытты тиімді пайдалануға, өскелең ұрпақты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тартуға ықпал ету мақсатында, «Тараз-Арена» спорт кешенінде «Балалар жылы» атты спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Тараз қаласының прокуратурасы